Абдулла ГҮЛ, Түркияның 11-ші президенті: Бауырластық қатынасты дамытуға дайынмын

25.01.2022

Көрулер: 9983

Қадірлі де құрметті досым Жансейіт Түймебаев!

Сіздің шақыруыңызбен 2021 жылдың 20 қарашасында Қазақстанның ең дамыған әрі заманауи жабдықталған беделді университеті – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келу нәсіп болды. Қысқа мерзімді дайындықтың нәтижесінде сіздердің жоғары деңгейдегі қабылдауларыңызға ризашылығымды білдіргім келеді. 


Университеттеріңізде болған сапарымда болашағымыз саналатын жастармен бас қосып, оларға көшбасшылық туралы баяндама жасағаныма өте қуаныштымын. Осы орайда, мен Қазақстанның бүгінгідей болашағының да соншалықты жарқын боларына өз басым куә болдым.

Маған берілген «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры» атағы мені барынша қанаттандыра түсті. Түркі халықтары және ғылым мен білім әлемінде соны жаңалықтар ашқан ойшылдың есімімен аталған университет тарапынан осындай атаққа ие болу мен үшін бір ғанибет.


Мен Түркия мен Қазақстан арасындағы бауырластық қарым-қатынасты дамытуға үлес қосуға әрқашан дайынмын, бұған бұрынғы міндеттерімді атқарғанымда және сіз Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшісі болған кезіңізде де жақыннан куә болдыңыз.

Осы тұрғыда сіз басқарып отырған университетпен Абдулла Гүл университеті (AGÜарасында академиялық қарым-қатынас орнату туралы өз ұсынысымды айтқым келеді (ол туралы ақпарат қоса берілген).

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тамаша қонақжайлылығыңыз үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді және үлкен жауапкершілікпен қолға алған бүгінгі міндетіңізде зор табыстар тілеймін.