Нұрсұлтан Назарбаев Қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауына өтінім қабылдауды жариялайды.
Байқау 2010 жылдан бастап студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық талантын таныту мақсатында өткізіліп келеді. Содан бері 700-ден аса дарынды қазақстандық қордың стипендиаты атанды.
Байқауға жоғары және орта арнаулы (өнер мен мәдениет) орта оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері қатыса алады.
Дербес стипендияға үміткерлер:
— ең кемі оқудың екі курсын сәтті аяқтау;
— академиялық үлгерімі жоғары болу (жақсы оқу);
— қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу;
— республикалық, халықаралық фестивальдар мен байқауларда жетістікке жету («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін).
Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтығы бар студенттер қатыса алады.