«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы
| ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.
Кәсіподақ 1999 жылы 14 сәуірде құрылды. Кәсіподақтың негізгі мақсаты – ҚР заңдарына сәйкес ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғау.
|
«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының қоғамдық бірлестігі
ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.
Кәсіподақ 1999 жылы 14 сәуірде Дәурен Әскербекұлы Абаевтың бастамасымен құрылды.
Студенттер мен магистранттар кәсіподағының мақсаттары мен атқаратын қызмет түрлері:
- Қазақстан Республикасының бекітілген Заңына сәйкес ұйымдасқан қорғау мен ұсыным негізінде өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен қызығушылықтарын ұйымдасып қорғау, жағдайды жақсарту, мүшелерінің еңбегі мен денсаулығын қорғау, бірігіп әрекет етіп:
- қарастырылған Заңға сәйкес стипендиялар мен жәрдемақылардың уақытылы түсуін қамтамасыз ету;
- еңбек етуге, оқуға қауіпсіз жағдайлар жасау;
- шығармашылық еңбек ету мен оқуға жағдай жасау;
- медициналық көмек көрсету, емделу және демалуға, тұрмыстық-үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік жасау және т.б;
- жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету.
Студенттер мен магистранттар кәсіподағына мүше болу.
Кәсіподақ мүшесі болып кез келген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алатын Жарғыны және оның барлық талаптарын қабылдаған азамат бола алады.
Студенттік кәсіподақ мүшесі келесі құқықтарға ие:
- шығармашылық және рухани еркіндікке;
- Студенттік кәсіподақ құзырлығындағы барлық шығармашылық, заңгерлік және әлеуметтік көмектерді алуға;
- бекітілген тәртіпте санаторлық-курорттық немесе басқа да емдік-сауықтыру мекемелеріне жолдама алуға;
- кәсіподақ өткізетін барлық қоғамдық іс-шараларға қатысуға.
Әлеуметтік қызметтер түрлері
|
№ |
Студенттер мәселесі |
Құжаттар тізімі (көшірме түрінде) |
Көмек түрлері |
|
1 |
Мүмкіндігі шектеулі студенттер |
Өтініш; Жеке куәлік; Студенттік билет; Мүгедектік туралы анықтама (Нотариалды куәландырылған); Мекенжай анықтамасы. |
Бір реттік әлеуметтік көмек |
|
2 |
Балалы студенттер |
Өтініш; Жеке куәлік; Студенттік билет; Баласының туу туралы куәлігі; Некеге тұру куәлігі (Нотариалды куәландырылған); Мекенжай анықтамасы. |
Бір реттік«Жаңа жылдық» сыйлық |
|
3 |
Көпбалалы отбасыларынан шыққан студенттер |
Өтініш; Жеке куәлік; Студенттік билет; Барлық баланың туу туралы куәліктері; Барлық баланың мекенжай анықтамасы. |
Бір реттік әлеуметтік көмек |
|
4 |
Асқазаны және қант диабетімен ауыратын студенттер |
Өтініш; Жеке куәлік; Студенттік билет; Студент емханасынан анықтама (ҚазҰУ-дың медпунктімен куәландырылған); Мекенжай анықтамасы. |
ҚазҰУ-дың белгілі тамақтандыру орындары үшін 15 талон |
|
5 |
Ата-анасының біреуі жоқ студенттер |
Өтініш; Жеке куәлік; Студенттік билет; Туу туралы куәлік; Әкесінің немесе анасының қайтыс болғаны туралы куәлік; Мекенжай анықтамасы. |
Бір реттік әлеуметтік көмек |
|
6
|
Ата-анасының екеуі де жоқ студенттер |
Өтініш; Жеке куәлік; Студенттік билет; Туу туралы куәлік; Ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі (Нотариалды куәләндырылған); Қамқоршылық туралы куәлік (Нотариалды куәләндырылған); Мекенжай анықтамасы. |
Бұйрық бойынша ай сайынғы әлеуметтік көмек; Жатақханада тегін тұруға құқылы ҚазҰУ-дың белгілі тамақтандыру орындары үшін 15 талон |
| 7 | Ата-анасының некесі бұзылған студенттер |
Өтініш; Жеке куәлік; Студенттік билет; Туу туралы куәлік; Ата-анасының ажырасқандағы туралы куәлік (Нотариалды куәләндырылған); Мекенжай анықтамасы. |
Бір реттік әлеуметтік көмек |
«Сұңқар» студенттер және магистранттар кәсіподағының төрағасы: Нуридин Бақдәулет Баймаханұлы
Факультет: Физика-техникалық факультеті
Білімі: Қазіргі таңда «Физика-техникалық» факультеті, магистратура бөлімінің ІI курс студенті.
Лауазымы:
- «Сұңқар» СмМК ҚБ-ның 2020 жыл, 6 қазаннан бастап төрағасы.
Телефон: 8-(727)-221-13-58.
Электронды пошта, e-mail: sunkar-kaznu@mail.ru
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының жетістіктері
- Қазақстан студенттері Альянсының ұйымдастыруымен Республикалық «Жастардың ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы» байқауының жеңімпазы.
- ТМД елдері бойынша халықаралық конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ Университеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы шақыртылды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының негізінде ашылған өзін-өзі басқару ұйымдары
- Алматы облысының Іле ауданының №20 орта мектебі
- Алатау ауданы Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектебі
Оңай
ОҢАЙ картасы – электронды төлемнің бірегей құралы. 2015 жылдың 1-қазанынан бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде «Жол ақысын есептеу және төлеу жүйесін автоматтандыру» жобасы бойынша картаның бірінші қызметі іске қосылды. Қазіргі таңда, «Сұңқар» СмМКБ ҚазҰУ-дағы барлық студенттерді ОҢАЙ көлік картасымен қамтамассыз етуде. Бұл студенттердің жол ақысын жеңіл төлеуімен қатар, қолжетімді бағада алуына көмектеседі.
KazNU Stars
«Сұңқар» студенттер және магистранттар кәсіподағының қатарына қосылған 1-курс студенттерін университет белсенділерімен таныстыру бағытында арнайы ұйымдастырылған мерекелік концерт ''KazNU Stars'' жобасы.


Бауырсақ party
«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының белсенді мүшелері өзі секілді студент жастардың бойына патриоттық тәлім-тәрбие беретін іс-шараларды ұйымдастырып отырады. Солардың бірінде университет қабырғасында 22-қыркүйек тіл мерекесіне орай өткізілетін акция «Бауырсақ party». Мақсаты – ана тіліміздің дамуына қандай да бір үлес қосып, бай тіліміздің қыр-сырын жастар санасына сіңіру арқылы өз тіліне деген патриоттық сезімді ояту. Бұл күні оқу орнына келген әр студент қазақ тілінде мақал-мәтел айтып, бауырсақтан дәм татады.



Тілдер мерекесіне арналған
«Тіл мәртебесе - ел мәртебесі!» кітап акциясы
Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының белсенді мүшелері өзі секілді студент жастардың бойына патриоттық тәлім-тәрбие беретін іс-шараларды ұйымдастырып отырады.
Солардың бірінде университет қабырғасында 5-қыркүйек тіл мерекесіне орай өткізілетін акция «Тіл мәртебесе - ел мәртебесі!».
“Сұңқар кубогы” мини-футбол
Салауатты дене мәдениеті» жобасының аясында «Сұңқар кубогы» атты мини-футболдан жарыс ұйымдастырады.Салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын жоба. Еріктілерден құралған командалар футбол ойыны арқылы өзара бақ сынайды. Соңғы кездері қатысуға ниет білдірушілер саны артуда.



SSP (Smart Student's Project)
Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін қалалық деңгейдегі бұл жоба жайдарман ойындарына негізделген. Мақсаты, смарт оқу орнына лайықты смарт студенттерді даярлау. Университетегі ауқымды жобалардың бірі саналатын SSP ойындарында әр команда әзіл-қалжыңымен қатар, смарт жобаларды ұсынуға тиіс.







Ең үздік студенттік топ
«Сұңқар» СмМК жыл сайынғы ұйымдастырылып отыратын жобасының бірі «Ең үздік студенттік топ» жобасы. «Ең үздік студенттік топ» жобасының мақсаты университеттегі оқу, қоғамдық жұмыстарда барынша белсенді, ұйымшыл болған ең үздік топты анықтау болып табылады.«Ең үздік студенттік топ» жобасының негізгі мақсаты, студенттердің университет қабырғасындағы белсенділігімен қатар, білім деңгейін көтеру. Бұл жобаның ерекшелігі, ұзақ мерзімді қамтиды, яғни алдымен фаукультетішілік байқау болып өткен соң, жеңімпаз топтар факультетаралық байқаудан өтеді.










Ең үздік Эдвайзер
«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының онлайн жүйеде қолға алған жобасының бірі «Ең үздік Эдвайзер» жобасы. «Ең үздік Эдвайзер» жобасының мақсаты университеттегі қоғамдық жұмыстарда барынша белсенді болған ең үздік Эдвайзерді анықтау болып табылады. Бұл жобаның ерекшелігі, ұзақ мерзімді қамтиды, яғни алдымен фаукультетішілік байқау болып өткен соң, жеңімпаздар факультетаралық байқаудан өтеді.






