Хабарландырулар

«Zhas project» жобасы

Жастар жылы аясында 2019 жылдың 15 наурызынан 15 сәуіріне дейін Алматыда Дүниежүзілік Банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастар корпусын дамыту жөніндегі «Zhas project» жобасы басталады.«Жастар корпусын дамыту» жобасы жастардың, әсіресе осал топтардың, қауымдастықтың өміріне қатысуын ынталандыруға және қауымдастықтың қызметіне, қоғамның қызметіне арналған бағдарламаны іске асыру арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамытуға бағытталған.Жоба шеңберінде жастар 1 млн. теңгеге дейін гранттық конкурсқа қатыса алады.

 

18 ақпан күні 2019 жылы Қазақстан Республикасының техникалық ЖОО-ның студенттері арасында «Student Energy Challenge» атты кезекті зияткерлік командалық конкурс басталды

Конкурс ұйымдастырушылары – «KAZENERGY» Ассоциациясы мен «Шелл Казахстан» компаниясы.

 

Конкурс мақсаты - Қазақстан студенттерінің энергетикалық проблемаларына арналған инновациялық шешімдерді қолдау.

 

Конкурс қазақстандық студенттердің кәсіби және жеке потенциалын дамытуға, энергетика және онымен байланысты міндеттердің маңыздылығын түсінуге, инженерлік ойлау мен шығармашылықты дамытуға қолдау көрсетуге, қазақстандық студенттерге индустрияның озық тәжірибелерін және техникалық дағдыларын алмасуға, сондай-ақ болашақта бәсекелестік ірі гранттық жобаларға қатысу мен ғылыми және кәсіпкерлік қызметке ынталандыру саласындағы құзыреттілікті жинақтау және капиталдандыру бойынша студенттердің тәжірибесін алуға бағытталған.

 

Жартылай финалға шыққан студенттік командалармен қорғалатын жобалар финалы 2019 жылдың 26-27 қыркүйегінде KAZENERGY ассоциациясының ХІ Жастар Форумы алаңында, KAZENERGY «Kazakhstan Energy Week» атты ХІІ Еуразиялық Форум аясында өтеді.

 

Конкурсқа қатысқысы келетіндер команда құрып, оны www.kazenergyforum.com сайтында тіркелу формасынан өтіп, 2019 жылдың 31 наурызына дейін тіркеу керек.

 

→ Негізгі бет → Тіркеу → Жеке мәліметтерді толтырыңыз → «Сіз Жастар форумының қатысушысы» деген сұраққа «Ия» деген белгі қойыңыз → «Сіз команда капитаны» деген сұраққа «Ия» деген белгі қойыңыз → Келесі → «Student Energy Challenge» конкурсының командасының тіркеу формасын толтырыңыз.

 

FAMELAB – ЖЕР БЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМ КОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ КОНКУРСТАРДЫҢ БІРІ

Егер де Сіз 21 жастан 40 жасқа дейін болсаңыз және ғылыми концепцияны ағылшын тілінде үш минут ішінде түсіндіре алатын болсаңыз, осы конкурсқа неліктен қатыспауға? Сіз ғылымның жаңа тұлғасына айнала аласыз, Ұлыбританиядағы өткізілетін халықаралық FameLab конкурсында Қазақстанды көрсете аласыз және ғылыми коммуникациялардың кең мүмкіншіліктеріне қол жеткізе аласыз!           

Сілтемені өз бейнежазбаңызға қосып, онлайн-тіркелу нысынын 2019 жылғы 11 қаңтарға дейін толтырыңыз. FameLab конкурсы Қазақстанда «Қазақстандағы Шеврон» компаниясының қолдауымен, «Ғылым қоры» АҚ-мен ынтымақтастықта  жүзеге асырылуда. FameLab халықаралық конкурсының финалы Cheltenham Science Festivals и British Council бірлесе өткізіледі.

 

FameLab конкурсы туралы көбірек білу үшін British Council парақшасына кіріңіз https://www.britishcouncil.kz/kk/famelab

Егер сізде сұрақтарыңыз болса, бізбен осы электрондық поштамен famelab@kz.britishcouncil.org байланысыңыз

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2018 жылдың 22 маусымында «Ғылым қоры» АҚ «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңы ережелерін және Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізіледі.

Семинар жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушы-профессорлық құрамы, сонымен бірге Алматы қаласының басқа ЖОО, ҒЗИ өкілдері мен кәсіпкерлері қатысады.

Семинарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға грант алуға қызығушылық танытқан барлық адамдар шақырылады.  

Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «әл-Фараби» Ғылыми кітапханасының Конференц-залы (409)

Өткізілетін уақыты: 22 маусым 2018 жыл, сағ. 10.00-13.00

Қосымша ақпарат бойынша: 221-11-63, 221-13-99

 

2017 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласында ІІІ Халықаралық Almaty Tech Garden - TG Fair'17 технологиялық фестивальі өткізіледі.

Tech Garden Fair көрмесі технологиялар мен инновацияларға арналған Орталық Азиядағы ашық аспан фестивальдарының ішіндегі ең ірі халықаралық фестиваль болып табылады.

Бұл іс шара барысында технологиялық жарыстар мен мастер-класстар өткізу жоспарланып отыр:

Hackaton Tech Garden Cup нарық лидерлерінің нақты проблемаларын шешуге бағытталған. Конкурстың жеңімпаздары үшін технологиялық тапсырмаларды орындағаны үшін арнайы сыйлықтар тапсырылады.

Startup Day байқауы: стартап презентацияларымен таныстыру 4 млн. теңге жүлде қорымен және ынталандыру жүлделері. Жарыстардың жеңімпаздары акселерация Almaty Tech Garden-ден өтуге мүмкіндік алады.

Мастер-класстар жетекші халықаралық және отандық эксперттермен өткізіледі.

Тақырыптары: ICO, Силикон аңғарының терезесі, Жоғары технологиялар паркінің тәжірибесі (Беларусь), Инвесторлар кімді қалайды және т.б.

Стартап аллеясы.

30-дан астам стартаптар инновациялық әзірлемелері мен технологияларын ұсынады. Бұл жобаның авторларымен және жаңа идеяларды білуге, сондай-ақ, жобаларды сынауға мүмкіндік береді.

Мерзімі: 23 қыркүйек 2017 ж.

Уақыты: 11:00 – 18:00

Орны: Алматы қ. Ибрагимова көш. 9 (Технопарк Алатау)

Қатысушыларға іс-шараның өткізілу орны жайлы шаттлдар беріледі.

Терреторияда фуд-корт зонасы орналастырылады.

Қатысу үшін төмендегі ссылка бойынша регистрациядан өтуіңізді сұраймыз: https://techgarden.kz/fair17

Барлық сұрақтар бойынша:

Айжан Алиакбарова

«Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ

стратегиялық бастамалар бойынша менеджер

+7 701 530 8710

a.aliakbarova@techgarden.kz


2017 жылдың  21 қыркүйегінде  ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Өнеркәсіптік меншік: тұжырымдамасы, қорғалуы, құқықтарын беру» тақырыбында оқыту семинарын өткізу жоспарлануда. Семинарға қатысу үшін өтініш формасын толтыру қажет: zayavka_2017ru.docx

Cеминар бағдарламасы: рус-каз прог семинар на базе 21.09.2017.docx 

Барлық сұрақтар бойынша: 

«ҰЗМИ»  РМК филиалының

Оқу орталығының маманы  

Назгүл Искакова

Тел. 8 (727) 397-75-23 (вн.221)