Ғылым саласындағы жетістіктер

Ғылыми зерттеулерді орындау

2018 жылы университет ғалымдарымен 460 ғылыми жобалар іске асырылды, соның ішінде:

  • 140 жоба ҚР БҒМ  2018-2019 жж. арналған гранттық қаржыландыру бойынша;
  • 8 жоба ҚР БҒМ 2018-2019 жж. арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында;
  • 5 жоба "Ғылым қоры" ;
  • 107 ұйымдар және  кәсіпорындармен шаруашылық келісім-шарт аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • 200 халықаралық қорлар мен ұйымдар гранты.

Халықаралық гранттар, тағылымдамалар

2016-2017 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары 188 халықаралық қорлар мен ұйымдар грантын иемденді. Соның ішінде бірлескен халықаралық жобалар  саны – 57, оның 36 – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша, 21 – жаратылыстану мен техникалық ғылымдар саласы бойынша. 

2016-2017 жж. бойынша университет оқытушылары мен ғалымдары 52 грант ұтып алып, 96 адам алыс және жақын шетелдік жетекші университеттер мен ғылыми мекемелерде біліктіліктерін арттырды. Ғылыми тағылымдамалар шетелдік ұйымдар мен қорлардың қаржылық қолдау көрсетулерімен, сондай-ақ ҚР БҒМ гранттық жобаралды іске асыру аясында өткізіледі. Тағылымдамадан өтетін елдердің ауқымы жылдан-жылға кеңейтілуде – Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Туркия, Корея, Қытай, Жапония, Польша, Чехия, Венгрия және т.б.

Баспа қызметі 

2016-2017 жж. аралығында университет қызметкерлері және оқытушыларымен 6681 ғылыми жұмыс жарияланды, оның 145-і ғылыми монографиялар, оның ішінде 34-і – шет ел, 111-і – Қазақстан баспаларында жарияланған.

–  3337 ғылыми мақала, оның 482-і – шет ел жоғарғы рейтингті рецензияланған баспаларда, 361-і – басқа халықаралық баспаларда, 1991-і –ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің кеңесі берілген журналдар, 503-і – ҚР басқа баспаларында;

–  2542 конференция жұмыстары, оның 403-і – республикалық, 1369-ы – халықаралық, 770 тезис. 

Жоғары рейтингті баспалардағы университет ғалымдарының еңбектері

2016-2017 жж. археологии, этнологии и музеология кафедрасының профессоры А.Т. Толеубаевтың Calendar Age of the Baigetobe Kurgan from the Iron Age Saka Cemetery in Shilikty Valley, Kazakhstan атты мақаласы импакт-факторы 4,565 Radiocarbon журналында жарық көрді. Сондай-ақ, импакт-факторы 7.487 «Trac-trends in analytical chemistry» журналында аналитикалық, коллоидтық және сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасының профессор міндетін атқарушы Кенесов Б.Н Perspectives and challenges of on-site quantification of organic pollutants in soils using solid-phase microextraction атты мақаласын жариялады.