News

Жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесу

07.09.2019

Жастар жылы аясында студенттер арасында мемлекеттік қызметті дәріптеу бойынша Алматы қаласының жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесу өтті. Кездесуге ҚазҰУ студенттері қатысты. әл-Фараби атындағы қазұу, Қазұау, абай атындағы Қазұпу. Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚБТУ, АТУ, ЕЮА. Д. Қонаев, ХАТУ және басқа да жоо-лар, барлығы 350 студент.

Ары қарай оқу >>

«Sanaly urpaq»

04.04.2019

Алматыда «Sanaly urpaq» жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың лекциялық топтары өз қызметін жалғастыруда.

Ары қарай оқу >>

«Адал бол - адам бол!»

04.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жастар жылы аясында «Адал бол - адам бол!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форум өтті. Оған Алматы қаласының 38 жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар өкілдері қатысты. Іс-шараны ҚазҰУ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен, «Саналы ұрпақ» және «Адалдық алаңы» жобалау кеңселерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг

07.02.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – да мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Данияр Таумұрат 2018 жылы ашылған «Sanaly urpaq», «Алматы – адалдық алаңы», «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» атты жобалық кеңселер басшыларының қатысуымен брифинг өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласының ЖОО сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстарды орындау үстінде

11.01.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Sanaly Urpaq" жобалық кеңсесінің алаңында білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың 1-ші раундын іске асыру барысы талқыланды, сондай-ақ жоғары оқу орындарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізуді бағалау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының электрондық платформасы таныстырылды.

Ары қарай оқу >>

Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер

28.09.2018

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Алматы жоғарғы оқу орындары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пактіге» қол қоюға дайын

07.09.2018

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған еліміздің жоғары оқу орындары мен ҚР Білім және ғылым министрлігіне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстары талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Алматыда білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдері талқыланды

27.06.2018

Алматыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жемқорлыққа қарсы жобасы аясында білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерінің картасы талқыланды. Жоғарғы оқу орындары, мектеп, колледж өкілдері «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесіне жиналып, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, білім басқармасының жетекшілерімен білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың амал мүмкіндіктерін қарастырды.

Ары қарай оқу >>