Кафедраның тарихы

Туризм кафедрасы Қазақстан туризм индустриясы үшін мамандарды даярлау мақсатында 1996 жылы 1 желтоқсанда ашылды. Туризм бөлімшесінің география факультетінде пайда болуының басты себебі – туризм күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс болғандықтан қоршаған аумақпен мызғымас байланыста болып іске асырылады, ал аумақ кеңістігін тек қана география толық түрде зерттейді. Сонымен қатар, бұл бөлімшенің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылғаны кездейсоқ емес, себебі – Қазақстан ЖОО ішінде дәл осы университетте ең жоғары дәрежедегі мамандар: туризмологтар, географтар, экономистер, заңгерлер, тіл мамандары, тарихшылар және басқа да қажетті мамандар қызмет атқарады.

Қазақстанда туризм индустриясының толыққанды жүйесі әзірше қалыптаспаған жағдайда, оны қалыптастыру жаңа ғана басталып тұрған кезде, туристік мамандарды даярлау барлық заманауи бағыттарында ғылыми, жобалау-іздестіру, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық шеңберінде қарастырылады.