2. ҚОТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

  • 2.1.  ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруды білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары, академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестелері және оқу процесі басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірмей оқу үдерісін жоспарлау және қолдау көрсету басқармасы (бұдан әрі – ОҮЖжҚКБ) беретін өзге де регламенттеуші құжаттар негізінде Жаңа білім беру технологиялары институты (бұдан әрі – ЖББТИ) жүзеге асырады.
  • 2.2. 1-тармақтың 1.9 тармақшасында көрсетілген білім алушылардың ҚБТ бойынша оқу үдерісінің ұйымдастырылуы білім алушының жеке оқу жоспары және факультет шығаратын қабылдау туралы бұйрықтар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте қысқартылған білім беру бағдарламаларын білім алушыларды ҚБТ қолдану арқылы оқуға ауыстыру білім алушылардың жеке өтініштеріне сәйкес толық жиынтықты оқу тобы және бітіртуші кафедраның шешімі бойынша тиісті сандық білім беру ресурстары болған кезде ғана жүзеге асырылады.
  • 2.3.  1.9-тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген тұлғаларды ҚБТ қолдану арқылы оқыту мүмкіндігін даярланған ПОҚ, СБР және толық жинақталған оқу тобының болуын ескере отырып, бітіртуші кафедра дербес айқындайды.
  • 2.4.  1.9-тармақтың 2, 3-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды ҚБТ қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру үшін факультет Оқу жұмысы жөніндегі проректор қол қойған олардың жеке өтініші және растайтын құжаттары негізінде тиісті бұйрық шығарады (ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін – ұзақ стационарлық емдеудегі тұлғалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы – емдеу орнынан растайтын құжат және т.б.).
  • 2.5.  Педагогикалық ғылымдар, құқық, авиациялық техника және технологиялар, денсаулық сақтау, әскери іс саласындағы кадрларды даярлау үшін ҚБТ-ны қолдана отырып пәндерді оқу кезінде оқытудың барлық кезеңіне жалпы академиялық кредит көлемінің 20%-дан аспайды көлемі көзделеді. Кадрларды даярлаудың басқа бағыттары бойынша кадрларды даярлау үшін ҚБТ-ны қолдана отырып пәндерді оқу кезінде оқытудың барлық кезеңіне жалпы академиялық кредит көлемінің 50%-дан аспайды көлемі көзделеді.
  • 2.6.  MBA бағдарламалары бойынша ҚБТ барлық оқу кезеңінде оқу пәндердің жалпы көлемі 30 академиялық кредиттен аспауы қажет және EMBA мен DBA бағдарламаларына сәйкес барлық оқу кезеңінде оқу пәндерінің жалпы көлемі 15 академиялық кредиттен кем болмауы керек.
  • 2.7.  Академиялық ұтқырлық бағдарламасы, қос диплом және студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша, білім алушарға ҚБТ қолданып оқу үдерісін ұйымдастыру (1.9-тармақтың 4,5,6,7-тармақшаларында) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттер кеңсесі шығаратын шетелдік іссапар туралы бұйрықтың және қашықтан оқытылатын пәндер көрсетілген білім алушының жеке оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Шетелдік іссапар туралы бұйрық шыққаннан кейін білім алушылар жоспарланған қашықтан оқитын пәндерден бас тарта алмайды.
  • 2.8. ҚБТ қолдану кезінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары, жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру бағдарламалар бойынша білім алушыларға барлық оқу кезеңінде пәндерді оқу барысында жалпы көлемі 60 академиялық кредиттен аспауы керек.
  • 2.9. Қосдипломды бағдарламаларды іске асыру кезінде және білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша ҚБТ қолдану арқылы оқуға пәндерді оқу кезінде жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін жалпы көлемі 120 академиялық кредиттен және магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша 60 академиялық кредиттен артық емес рұқсат етіледі.
  • 2.10.1.9-тармақтың 8-тармақшасында көрсетілген тұлғаларды ҚБТ қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру факультеттің Ғылыми кеңесі мен университеттің академиялық комитетінің шешіміне сәйкес шығарылатын оқу жұмысы жөніндегі проректордың өкімі негізінде жүзеге асырылады.
  • 2.11.1.9-тармақтың 9-тармақшасында көрсетілген сырттай тыңдаушыларды ҚБТ қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоспарлау қызметі шығаратын қосымша оқуға қабылдау туралы бұйрық және білім алушылардың жеке кестесі негізінде жүзеге асырылады.
  • 2.12. 1.9-тармақтың 10-тармақшасында көрсетілген тұлғаларды ҚБТ қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініші бойынша шығарылатын университет ректорының бұйрықтары, қосымша оқуға қабылдау туралы бұйрық және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоспарлау қызметі шығаратын білім алушылардың жеке кестесі негізінде жүзеге асырылады.
  • 2.13.1.9-тармақтың 11-тармақшасында көрсетілген тұлғаларды ҚБТ қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру университет ректорының шетелдіктерді, оның ішінде мемлекеттен тыс жерде орналасқан және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды қабылдау туралы бұйрығының, сондай-ақ оқытудың жеке кестелерінің негізінде жүзеге асырылады.
  • 2.14. 1.9-тармақтың 12-тармақшасында көрсетілген тұлғаларды ҚБТ қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру тиісті органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында ҚБТ-ға көшу туралы университет ректорының бұйрықтарына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы негізінде жүзеге асырылады.
  • 2.15. ЖАОК форматында ҚБТ қолдану арқылы сыртқы тыңдаушылардың/қарыз сабағын өтеушілердің/«Incomplete» бағасы бар білім алушылардың, оқуға тіркелуі Оқу үдерісін жоспарлау және қолдау көрсету басқармасы шығаратын бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
  • 2.16. ҚБТ қолданатын университеттің білім алушысы:
  • 1) оқу курстарын университеттің білім беру порталдарына жүктелген пәндердің электрондық оқу-әдістемелік кешендері (бұдан әрі – Е-ПОӘК) СБР көмегімен өз бетінше оқиды;
  • 2) бекітілген кестеге сәйкес on-line және (немесе) off-line режимінде қашықтан оқыту сабақтарына қатысады;
  • 3) университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес бақылаудың (ағымдық, аралық) барлық түрлерін тапсырады.
  • 2.17.  Синхронды режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (Zoom, Microsoft Teams, Google Classroom т.б. сияқты әртүрлі бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, Интернет желісі бойынша хабар алмасу арқылы бейне дәрістер, вебинарлар, бейнеконференциялар өткізу) қолдану арқылы оқу үдерісін нақты уақыт режимінде өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асады.
  • 2.18. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алушылардың оқу жетістіктерін ҚБТ қолдану арқылы тексеру үшін сабақтарды синхронды және бейсинхронды режимде міндетті түрде өткізу қарастырылған:
  • синхронды режимде – оқытушы мен білім алушының BigBlueButton, Zoom, Microsoft Teams, Google Classroom, Skype, тестілеу интерактивті элементін қолдану арқылы, бейнеконференция кезінде қарым-қатынасы жоспарланған уақытта болатын өзара оқу әрекеттесу үдерісі.
  • бейсинхронды режимде – оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы бір уақытта болмайтын оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы бір уақытта болмайтын өзара оқу әрекеттесу үдерісі, мысалы, білім алушының оқытушының тапсырмасы бойынша жұмысы (жобалық тапсырмалар, кейстерді шешу, эссе жазу және т.б.), ерекше жағдайларда оқытушы бекіткен мерзімдерге сәйкес электрондық пошта арқылы, кейіннен академиялық күнтізбеге сәйкес аралық және (немесе) қорытынды бақылауды тапсыра отырып өзара оқу әрекеттесу үдерісі.
  • 2.19. ҚБТ қолданатын білім алушылардың ағымдағы бақылау бойынша үлгерімі және аралық аттестациясы, Университеттің Академиялық саясатына, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушыларының оқу жетістіктерін бақылау түрлері мен формалары туралы ережеге, қорытынды бақылауды өткізу ережесіне (емтихан сессиясы) сәйкес жүзеге асырылады.
  • 2.20. Онлайн режимде білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылауды және аралық аттестацияны өткізу үшін ҚазҰУ-дың ЖБТИ білім алушыны анықтауға, білім алушының экраны мен тәртібін бақылауға, сонымен қатар емтиханның барлығын бейнеге жазуға мүмкіндік беретін онлайн прокторинг технологияларын пайдалануды қамтамасыз етеді.
  • 2.21.  Білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылауды және аралық аттестацияны өткізу үшін оқытушы бақылаудың форматын таңдай алады, оның нәтижесі студенттің жазбаша жұмысы болады. Оқытушы орындалған тапсырманы университеттің плагиатқа қарсы жүйесі арқылы тексеруге міндетті. Тексеріс есебі студентке қол жетімді болуы керек.
  • 2.22.  Ағымдағы үлгерімді бақылауды, жарты семестрлік емтиханды жүргізу үшін оқытушы бақылау форматын – желілік (өзара) оқыту технологиясы негізінде студенттердің бір-бірін өзара тексеруін таңдай алады.
  • 2.23.  Онлайн прокторинг жүйесі болмаған жағдайда ҚБТ қолданатын білім алушылар қорытынды бақылауды (емтихан сессиясын) өткізу ережелеріне сәйкес дәстүрлі түрде пәндер бойынша қорытынды емтихан түрінде тапсырады.
  • 2.24.  Жалпы орта білім беру бағдарламасы негізінде ҚБТ қолдану арқылы оқытуға әдетте, факультеттің Ғылыми кеңесі меңгеруге және қайта есептеуге ұсынған blended learning аралас оқыту және ЖАОК форматында жол беріледі.
  • 2.25.  Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқитын жалпы орта білім беру бағдарламасы негізіндегі білім алушылар үшін ҚБТ қолдану арқылы оқу шетелдік білім беру ұйымында болу мерзімінде рұқсат етіледі.
  • 2.26.  Білім беру саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша ҚБТ қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру және оған рұқсат беру тәртібін бітіртуші кафедра университеттің Академиялық комитетімен келісім бойынша дербес айқындайды.
  • 2.27. Сотталған және қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан білім алушыны қорытынды аттестаттауды өткізу мемлекеттік аттестаттау комиссиясының білім алушының тұрған жеріне шығуымен жүзеге асырылады.
  • 2.28. Шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында оқыту кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы бойынша:
  • 1)аудиторияда оқытушының білім алушымен өзара іс-қимылы арқылы өткізілетін оқу сабақтарының болмауы;
  • 2)мамандықтардың ерекшелігіне байланысты практика жетекшілерімен жанама (қашықта) өзара іс-қимыл жасау кезінде, өндірістік оқытуды және (немесе) кәсіптік практиканы толық немесе ішінара қашықтан ұйымдастыру қарастырылады.
  • Бұл ретте білім алушыларға кәсіби құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік беретін виртуалды зертханаларды, симуляторларды, тренажерларды пайдалану көзделеді.
  • Оқу үдерісін жоспарлау және қолдау көрсету басқармасы оқу жоспарында белгіленген сағаттардың жалпы көлеміне нұқсан келтірмей, өндірістік оқытудан, оқу және өндірістік практикадан өту мерзімдерін айқындау бөлігінде оқу үдерісінің кестесіне өзгерістер енгізеді.
  • Кеңес беру жеке және топтық сабақтар түрінде жүзеге асырылады. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды оқыту кезінде қашықтан білім беру технологиялары олар үшін қолжетімді нысандарда ақпаратты қабылдау-беру жүзеге асырылады.