Қытайдың киім кию мәдениеті мен иероглифтердің байланысы” атты танымдық сабағы өткізілді.

05.11.2019

Көрулер: 2144

      Қараша айының 5-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының 1-4 курс студенттері арасында «Қытайдағы киім кию мәдениеті мен иероглифтің байланысы       汉字与服饰文化» тақырыбында танымдық сабағы өткізілді.

«Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі – шүберек» демекші, адамды киім одан әрі көркейте түседі. Сонымен қатар, әлемде қанша ел болса, сонша өзіндік дәстүрі мен киім кию әдебі төл мәдениеттерінде ерекше орын алады.

Қытай киімдері жарқыраған және кестелі, түрлі түсті. Гүл дер, көбелектер, құстар секілді суреттер киімдерде бейнеленеді. Қытайлықтар киім кию әдебіне қатты көңіл бөледі. Әр түрлі мерекелік кештерде әйелдер өздерінің көйлектерін киіп ерекшеленеді. Ал ер адамдар болса, үстеріне костюмдерін киіп, көбіне қызыл немесе алтын түстес сарыдан тігілген киімдерді ұнатады.

Осы сабақтан студенттер тек қытай тілінің иероглифтерімен ғана шектелмей, әр киімнің киілетін мәдениетіне тоқталып, қытай халқының тағы бір төл мәдениетіне жақындай түсті. Сабақ практикалық түрде көрініс тапты. Оқытушы студенттерге барынша қызықты мәліметтерді даярлап, сабақ барысында ойын түрінде әрі видео сабақ ретінде жүргізілді. Бұл сабаққа кафедра мұғалімдерімен қоса, факультет табалдырығын жаңадан аттаған 1-курс студенттері де қатысып, тамсанып қайтты.