Түлектер

 

 

ҚДФжБФ кафедрасының түлегі Жанқожа Азат қазіргі таңда Қазақстан бойынша Huawei компаниясының үш сарапшылар арасынан ең жас сарапшысы. 

Азат Жанкожа:

 «Ақпаратты басқарған – әлемді басқарады» - деген екен британиялық саясаткер әрі жазушы Уинстон Черчилль. Расында, қазіргі кезеңде кез-келген саланы IT мамандарынсыз елестету мүмкін емес. Заманауи тенденцияларға сәйкес, бүгін жаңалық дегеніміз, ертеңгі күні ескірген технологияға айналуы ғажап емес. IT саласының маманы болуым Қара шаңырағымыз «ҚазҰУдан» басталып еді. Сол сәттен бастап осы бір керемет саланың «эксперті» болсам деген мақсатымның орындалуы бүгінгі күнге бұйырған екен. Университет қабырғасында тек оқытушы ғана болып қоймай, бағыт-бағдар беріп жол көрсете білген ҚазҰУ оқытушыларына алғыстан басқа айтарым жоқ. Елімізде IT саласы дами берсін, Қазақстан IT саласы бойынша көшбасшы мемлекеттердің қатарынан болсын!