Коммуникацияны тиімді басқару
29.09.20232023 жылдың 29 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында саясаттанушылар, конфликтологтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар және дінтанушыларға арналған «Коммуникацияны тиімді басқару» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шара Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының қаржылық қолдауымен өтуде. Спикер: Алматы қаласының Азаматтық Альянсы төрағасы Әбдіхалықов Қайыржан Саясатұлы. Шақырылған қонақ дәріскер: саясаттанушы Қаражанов Замир Ануварович.






