Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруда

02.11.2023

Қазақстан мемлекетінің орнықты даму мақсаттары бойынша 02.11. 2023 ж. сағат 14.00 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» ұсынған журналдарға мақала жариялау талаптары» тақырыбында семинар өтті.

 

Ары қарай оқу >>

Прокурорларға арналған қолданбалы психология пәнінен тренинг сабақ

31.10.2023

2023 жылдың 31 қазанында Алматы қаласының прокуратурасы «Кезекші прокурор институты – қылмыстық істі жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімді құралы» атты тренинг өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Қалалар мен елді мекендердің экологиясы мен тұрақты дамуы» атты дөңгелек үстел

31.10.2023

2023 жылдың 31 қазан күні  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы ТДМ аясында «Қалалар мен елді мекендердің экологиясы мен тұрақты дамуы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Факультет деканының Қазіргі ғылымдар университетінің (Нидерланд) шақырылған профессоры, PhD доктор А.И. Гарбермен кездесуі

31.10.2023

2023 жылдың 31 қазанында Философия және саясаттану факультетінің деканы философ.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейірбаев Қазіргі ғылымдар университетінің (Нидерланд) шақырылған профессоры, PhD доктор А.И. Гарбер кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Алмасбек Мәуленовтың академик Т.Тәжібаев пен Ж.Төрікпенұлына арналған «Ұстаз бен шәкірт» кітабының тұсаукесері

27.10.2023

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының кітапханасында «Ұстаз бен шәкірт» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл аталған шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына және ҚазҰУ ардагері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.Төрікпенұлының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында аталып отыр.

Ары қарай оқу >>

Қазіргі адамдардың денсаулығын сақтау психологиясы бойынша дәрістер

27.10.2023

2023 жылдың 27 қазаны мен 23 қарашасы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шақырылған профессор, PhD доктор Алена Ильинична Гарбердің (Заманауи ғылымдар университеті, Нидерланд) дәрістері өтуде.

Ары қарай оқу >>

«Фараби – ізгі философ» тақырыбында дәріс

26.10.2023

26-қазан күні Философия және саясаттану факультетінде Иран ғылым академиясының мүшесі, Иран философиясы қауымдастығының президенті, Шахид Бехешти университетінің профессоры, фарабитанушы ғалым Гуламреза Авани «Фараби – ізгі философ» тақырыбында дәріс оқыды. 

Ары қарай оқу >>

Өзбекстандық профессордың қонақтық дәрісі

24.10.2023

2023 жылдың 24 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында М.Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Холбеков Абдуғани Жұманазаровичтің қонақтық лекциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да заманауи Фарабитану мәселелері талқыланды

24.10.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні Ұлттық мерекесі қарсаңында «Әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, қайырымды қоғам және заманауи этика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Іс-шара Иран Ислам Республикасының Ғылым министрлігінің мәдениеттану және қоғамтану ғылыми-зерттеу институтының, Иран Ислам Республикасының мәдениет ұйымы мен Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы (Қырғыз Республикасы) филиалында оқитын студенттеріне ҚазҰУ қалашығында кампус-тур

20.10.2023

2023 жылдың қазанның 20-шы жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы (Қырғыз Республикасы) филиалында оқитын студенттеріне Алматыда, ҚазҰУ қалашығында кампус-тур ұйымдастырылды. Философия және саясаттану факультетіне де филиалымыздан он жеті студент пен оқытушылар келді.

Ары қарай оқу >>