«Фараби – ізгі философ» тақырыбында дәріс

26.10.2023

Көрулер: 369

Жиынды факультет деканы Бекжан Мейрбаев ашып, қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, шетелдік ғалым Г.Аваниге дәріс оқуға келгені үшін ықылас білдірді. Лектор Әбу Насыр әл-Фарабидің этика ілімі мен моральдық ізгіліктер туралы еңбектеріне, бақытқа жетудегі этикалық ұстанымдарына тоқталды. Ғалым Ұлы даланың ұлағатты ойшылы әл-Фараби ілімін оған дейінгі философтарды танудың терезесі дей отырып, оның ілімін іс жүзіне асырудың қажеттігі толастамайды деп тұжырымдады.


Кездесуде сөз алған Ирандағы Мәдениет және Ислам коммуникациялары ұйымының ғылыми және академиялық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Халадж Монфаред қазақстандық студенттерді Иранда академиялық ұтқырлық аясында білім алуға шақырды.