Прокурорларға арналған қолданбалы психология пәнінен тренинг сабақ

31.10.2023

Көрулер: 305

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасынан пед.ғ.к., практик психолог Рысбекова Ж.Қ.. «Конфликті жағдайлардың мәні, түрлері, себептері. Критикалық жағдайдағы әрекеттер алгоритмі» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Іс-шара ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырады – ТДМ11 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар», ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділеттілік және күшті институттар».

Тренингке ІІД-нің әкімшілік ғимараттарында кезекшілік атқаратын Алматы қаласының аудан прокурорлары, Алматы қаласы прокуратурасының мамандандырылған басқармаларының өкілдері, ІІМ Академиясының өкілдері, ТЖК өкілдері, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің сот сараптама орталығы және философия және саясаттану факультетінен жалпы және қолданбалы психология кафедрасы қатысты.

Тренингке Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі Суханбердин Руслан Рашидұлы модераторлық етті. Тренингтің ашылуы Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н.Ж.Ауғанбаев және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Байдельдинов Д.Л. сөзімен басталды.

Тренингке қатысушылар конфликт теориясы, себептері және оларды шешу жолдары туралы дәріс тыңдады. Жанар Құдайбергенқызы Рысбекова транзакциялық талдау модальділігіндегі қақтығысты басқарудың психологиялық әдістерімен бөлісті. Өмірлік ұстанымның тұжырымдамасы «Мен-жақсы! Сен-жақсы!», «ААЕБ» құрылымдық талдау тұжырымдамасы, коммуникация теориясы, «Мен жолдау» ұсынылды.

Ресурс жағдайын қалпына келтіру және кәсіби және эмоционалдық күйзелістің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Тренингке қатысушылар қақтығыстар тақырыбына үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылап, өз пікірлерін білдірді. Тренингке қатысушыларға арналған дәріс тақырыбының өзектілігі олардың кәсіби міндеттерімен байланысты, себебі кезекші прокурорлардың қызметі полицияның мүдделері мен азаматтардың құқықтарының қайшылықтарын шешу болып табылады.

Тренинг ұйымдастырушылары, спикерлері мен қатысушылары білім алмасудың, қарым-қатынастың оң тәжірибесін алды және одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.