Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы (Қырғыз Республикасы) филиалында оқитын студенттеріне ҚазҰУ қалашығында кампус-тур

20.10.2023

Көрулер: 352

2023 жылдың қазанның 20-шы жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы (Қырғыз Республикасы) филиалында оқитын студенттеріне Алматыда, ҚазҰУ қалашығында кампус-тур ұйымдастырылды. Философия және саясаттану факультетіне де филиалымыздан он жеті студент пен оқытушылар келді.

Қонақтарымызды ҚазҰУ-нің музейімен арнай мамандар таныстырды. Келесі кезекте: “Әл-Фараби музейі’’, ‘‘Ұлттық кітапхана’’ мен “Керемет” студенттер орталығына да саяхат жасап, университетіміздің әдемілігіне деген таңданыстарын жасыра алмады.

“Абай орталығында” философия және саясаттану фаультетінің деканы профессор Б.Б. Мейірбав және оқытушылар құрамы студенттерімізді қарсы алып, қызығатын сұрақтарына жауап берді. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының практик-психологтары “Стрессті басқару” тақырыбына тренингі өткізіп, студенттермен жақын танысып, қызығушылықтарын арттыра түсті.

Университетіміздің "Ми институтына" саяхаттап ми қызметінің белсенділігі жайлы қажетті, қызықты ақпараттар алды.

Студенттеріміз ҚазҰУ қалашығын өз көздерімен көріп, университетті заманауи инфрақұрылымымен танысып керемет сезімге ие болды. ҚазҰУ-дың Бішкектегі филиалы өз қызметін жүйелі іске асырып, танымалдылыққа ие болуда. Біздің алдымызда үлкен мақсаттар мен ауқымды жоспарлар тұр. Филиал екі елдің игілігі үшін табысты жұмыс істейтін болады», – деп атап өтті филиал директоры Жәмин Шейшенов.

Кездесу керемет ән-кешімен жалғасып, студенттен өз өнерлерін көрсетті. Барлық қонақтарымыз алғыстарын білдіріп, жағымды эмоциямен елдеріне оралды.

Осы кешті ұйымдастыруға ат салысқан барлық жандарға алғысымыз шексіз!