Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруда

02.11.2023

Көрулер: 866

Іс-шара заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлаудың негізгі бағдарына сәйкес ұйымдастырылған.

ҚазҰУ Хабаршысы дінтану сериясының ғылыми редакторы Н.Ж Байтенова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарға мақала берудің негізгі талаптарына жан-жақты тоқталып, түсіндірді. Атаулы журналдың жауапты хатшысы Қ.М.Борбасова мақаланың аңдатпасы мен мазмұндық жүйесі туралы ақпараттармен бөлісті. Журналдың техникалық хатшысы С. Байжұма мақалаларды сайтқа тіркеуден бастап, техникалық рәсімдеуді, әдебиеттер мен сілтемелерді берудегі ерекшеліктерге баса назар аударды.

Семинарға қатысқан ҚазҰУ мен Нур Мубарак ислам мәдениеті университетінің жас оқытушылары, докторанттар мен магистранттар пайдалы ақпараттарды зейін қоя тыңдап, сұрақтар қойып, өздерінің ғылым жолында ойландыратын мәселелерімен бөлісті.