Жаңалықтар

Қысқы мектеп өткізу туралы жоба тақыланды

05.10.2022

05.10.2022 ж. факультет деканы Б.Б. Мейрбаев пен дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Курманалиева Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының Дін істері жөніндегі атташелігі Дін істері жөніндегі Атташе Эмруллаһ Үзүм мырза мен Түркия Республикасының Дианет қорының Орталық Азиядағы координаторы Осман Түрікпен кездесу өткізді. Кездесу барысында факультетте Қысқы мектеп өткізу туралы жоба тақыланды.

Ары қарай оқу >>

Alternative Perspectives and Global Concernes орталығының Creative Dialogues жобасымен бірлескен халықаралық вебинар

01.10.2022

2022 жылдың 17 қазан күні Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Alternative Perspectives and Global Concernes орталығымен бірге «Splendour (Hod)» Қазақстаннан келген көзқарастар» тақырыбында халықаралық вебинар өткізді. Вебинарлардың спикерлері: Мандевиль академиясының профессоры Рико Снеллер (Нидерланды), профессор Amira Fayyad (Египет).

 

Ары қарай оқу >>

Профессор Джонатан Махоней (Jonathan Mahoney)

11.07.2022

11.07.2022 ж. PhD доктор, Канзас мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Джонатан Махоней әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетіне келді. Профессор Махоней факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарымен Аликбаева Маржан Башановнқызымен және дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбеленқызымен кезедсті. Кездесу барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б. мәселелер талқыланды.

Ары қарай оқу >>

“Түркі халықтары мәдениетіндегі отбасылық құндылықтар” атты халықаралық конференция

05.05.2022

05.05.2022 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанттары Ержанов Еркебулан, Осербаев Елдос, Құрманбек Ақайдар және Канагатов Манат Анкара қаласы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Түркі халықтары мәдениетіндегі отбасылық құндылықтар” атты халықаралық конференцияға қатысты. 

Ары қарай оқу >>

Профессор Диляра Муфтахутдинованың келуі

20.04.2022

20 сәуірде мәдениеттану мамандығының магистранттары Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық аспаптар мұражайына барды. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра. Дәстүрлі музыкалық аспапқа мұндай құрметпен қараудың да өзіндік себебі бар.

 

Ары қарай оқу >>

«Жаңа Қазақстанға жаңа философия қажет» атты халықаралық дөңгелек үстел

07.04.2022

2022 жылы 7 сәуірінде  Философия, саясаттану және дінтану институтында Қазақстандық Философиялық Конгрестің және әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың  философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Қазақтану» орталығының ұйымдастыруымен  болашақ жаңа Қазақстанға қандай философияның қажет екендігі туралы халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. 

Ары қарай оқу >>

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫ

04.04.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде I халықаралық Фараби форумының ашылу салтанаты өтті. Ауқымды шара Екінші ұстаз атанған ғұлама ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, Өзбекстан Республикасының Алматыдағы бас консулы Аброр Фатхуллаев және белгілі фарабитанушы ғалымдар, этномәдени орталық өкілдері  қатысып, баба рухына тағзым етті.

 

Ары қарай оқу >>

Заманауи әйел: білім, кәсіп, мансап

03.03.2022

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Заманауи әйел: білім, кәсіп, мансап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Ары қарай оқу >>

Баламалы перспективалар және жаһандық алаңдаушылық (Alternative Perspectives and Global Concern) бағдарламасы аясында «Адам жанын бақтандыру» тақырыбында халықаралық семинар

07.01.2022

2022 жылдың 7 қаңтары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Есекеева Эмина Фансатқызы Адам құқықтарын зерттеу және демократиялық даму орталығы мен Сыни тұрғыдан ойлау орталығының (орталық) «Баламалы перспективалар және жаһандық алаңдаушылық» (Alternative Perspectives and Global Concern) бағдарламасы аясында «Адам жанын бақтандыру» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты.

Ары қарай оқу >>

Фулбрайт бағдарламасы аясында келген профессор Дилшод Ачилов (Dilshod Achilov)

01.01.2022

01.01.2022 мен 31.05.2022 аралығында Массачусетс Дартмут университетінің (АҚШ) профессоры, PhD докторы Дилшод Ачилов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтану және мәдениеттану кафедрасына Фулбрайт халықаралық бағдарламасы аясында келді. 

Ары қарай оқу >>