Жаңалықтар

Кездесу

16.06.2021

2021 жылдың 16 маусымында сағат 11:00-де COVID-19 қарсы вакцина алуға байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультеті мамандарымен бірге Философия және саясаттану факультеті оқытушылары мен білім алушыларына түсіндірме-кездесу болды. Қызығушылық танытып, толғандырған сұрақтарына жауап алғысы келген барлық оқытушылар мен білім алушылар қатысты. Баршаны толғандыратын сұрақтар қойылып, кәсіпқой мамандардан нақты, дұрыс жауаптар алынды. Ұжымдық иммунинет қалыптастырып, қалыпты өмірге қайта оралуға тағы да бір игі қадам жасалды.

Ары қарай оқу >>

Түлектер күні – 2021

29.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті онлайн режимінде «Түлектер күні – 2021» кездесуін өткізді. Кездесуге философия және саясаттану факультетін бітірген түлектер, сонымен қатар факультет оқытушылары қатысты. Кездесуді факультет деканы м.а., философия ғылымдарының кандидаты, доцент Өмірбекова Әлия Өмірбекқызы жүргізді.

 

Ары қарай оқу >>

«Көк түстің 50 реңі» көрмесі

06.05.2021

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұжымы мен кафедраның мәдениеттану мамандығында оқитын бакалавриат, магистратура, докторантура бөлімінің студенттері мен жас ғалымдары Алматы галереясында өтіп жатқан қазақстандық танымал суретші Анар Әбжанованың «Көктүстің 50 реңі» атты көрмесінде болды.

 

Ары қарай оқу >>

Ашаршылық анатомиясы: саясат пен шындық

29.04.2021

29 сәуір күні «Ашаршылық анатомиясы: саясат пен шындық» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференция барысында танымал тарихшы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі – Талас Омарбеков, ҚР-дағы жаппай қуғын сүргінге ұшырағандарды толық ақтау комиссиясының мүшесі, қоғам қайраткері – Жұмабек Ашуұлы, 

Ары қарай оқу >>

"5В050300 – Психология" мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың есебі 26-28 сәуір 2021 ж.

28.04.2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі бекіткен «Базалық жоғары оқу орындарында пән олимпиадаларын өткізу кестесіне» және «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында базалық жоғары оқу орындарында Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарға»

Ары қарай оқу >>

Дінтану мамандығының маңыздылығы және заманауи қоғамдағы рөлі

26.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2021 жылдың 26 сәуір күні сағат 13-00 де философия және саясаттану факультететі, дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1 курс магистранттары Д.Т. Дүйсенбі мен С.С. Қойшыбаеваның ұйымдастыруымен дінтану мамандығының 1 және 2 курс студенттеріне «Дінтану мамандығының маңыздылығы және заманауи қоғамдағы рөлі» атты Халықаралық деңгейде онлайн форматта кездесу өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Жаһандану мән-мәтініндегі Қазақстан мәдениеті

24.04.2021

2021 жылдың  24 сәуір  күні сағат 13:50–де  «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «География және Табиғатты пайдалану» факультетінің «Ғылыми География» және «Экология» мамандықтарының 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Жаһандану мән-мәтініндегі Қазақстан мәдениеті» атты Халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті. 

Ары қарай оқу >>

«Жаһандану және ұлттық тәрбие» атты республикалық дөңгелек үстел

21.04.2021

2021 жылдың 21 сәуірінде «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы, өндірістік практика жетекшісі Әскенұлы Елнұр, ҚазҰУ-нің «Исламтану» мамандығының 1-курс магистранті Тоқтасынқызы Жазира және ҚазҰУ-нің «Исламтану» мамандығының 3-курс студенті Нұрахыман Елизаның ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында ZOOM платформасында «Жаһандану және ұлттық тәрбие» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>