Жаңалықтар

Гавр университетінің вице-президенті Жан-Ноель Касториомен кездесу

26.01.2023

2023 жылдың 26 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде тарих ғылымының докторы, профессор, Францияның Гавр университетінің мәдениет, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі вице-президенті Жан-Ноель Касториомен кездесу өтті. 

Ары қарай оқу >>

Құттықтау

25.01.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетті Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты Құранбек Әсет Абайұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Радикализмнің алдын алу: Алматыда халықаралық қысқы мектеп жұмысын бастады

23.01.2023

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде радикализмді алдын-алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесін саралайтын қысқы мектеп жұмысын бастады. Үш күнге созылатын іс-шараға 100-ден аса тыңдарман қатысады. Радикализмнің алдын-алу мәселелері өте өзекті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мемлекеттің қауіпсіздігі және ішкі тұрақтылықты сақтау үшін маңызды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасының қарулы күштеріндегі психологиялық жұмыстың перспективалары және жетілдіру жолдары

18.01.2023

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 18-ші қаңтар күні Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында «Қазақстан Республикасының қарулы күштеріндегі психологиялық жұмыстың перспективалары және жетілдіру жолдары» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің бір топ ғалымдары қатысып, тұшымды баяндамалар жасады.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми-әдістемелік семинар

13.01.2023

13.01.2023 күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті докторанттарының кезекті ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинарға факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейрбаев, деканның ғылыми зерттеу жұмысы және халықаралық байланыс жөнінен орынбасары А.Б. Альчимбаева, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Курманалиева, факультет профессорлары К.М. Бишманов, Н.У. Шеденова, кафедра меңгерушілерінің ҒЗЖ және ХБ жөнінен орынбасарлары А.М. Текесбаева, А.А. Абжаппарова, А.С. Мустафина және 1,2,3 курс докторанттары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2023

04.01.2023

2023 жылдың 4-6 қаңтарында Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2023 өз жұмысын бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қысқы психологиялық мектептерді өткізу игі дәстүрге айналды, оны Психологиялық инновациялар мен технологиялар орталығы (психол.ғ.д., доцент Ф.С.Ташимова), университеттің философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ұйымдастырды.

2023 жылы психологиялық мектептің тақырыбы «ИНТЕГРАТИВТІ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ».

Ары қарай оқу >>

Ғылыми-әдістемелік семинар

27.12.2022

Үстіміздегі жылдың 27 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті докторанттарының кезекті ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинарға факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейрбаев, деканның ғылыми зерттеу жұмысы және халықаралық байланыс жөнінен орынбасары А.Б. Альчимбаева, кафедра меңгерушілерінің ҒЗЖ және ХБ жөнінен орынбасарлары А.М. Текесбаева, А. А. Абжаппарова, А.Н. Карибаева, З.М. Садвакасова, А.С. Мустафина және 1,2,3 курс докторанттары қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ-ДА ҚОСДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ДИПЛОМДАР ТАБЫСТАЛДЫ

15.12.2022

ҚазҰУ-да «Europe and Asia: Cultural Diplomacy and Geopolitics of the EU» атты магистрлік қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша биыл бесінші жылғы түлектерге дипломдар табысталды. Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының тәлімгерлері Жамиля Мұрат пен Татьяна Ячковская аталған бағдарлама бойынша білім алған. 2017 жылы бастау алған бағдарлама Әулие Охрид Клемент атындағы Софиялық университетпен (Болгария) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асқан. Жоба дәріс, семинарлар, шеберлік сағаттар, дипломатиялық мектеп және тағылымдамаларды қамтиды.

Ары қарай оқу >>

Қызметтік келіссөз

10.12.2022

2022 жылдың 8 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басшысы генерал-майор С.Ж. Бурамбаевпен қызметтік келіссөз өткізді. 

Ары қарай оқу >>