Заманауи әйел: білім, кәсіп, мансап

03.03.2022

Көрулер: 1435

Дөңгелек үстелдің мақсаты – әйел адамдардың білім кеңістігіндегі мүмкіндіктерін кеңейту, олардың жұмысқа орналасуына және ғылым саласында шешімдер қабылдауға толық және тең қатысуына жәрдемдесу.

Сонымен қатар, гендерлік зерттеулермен айналысатын ғалымдар арасында ғылыми білім алмасу және белгілі бір дәрежеде өз жұмысында гендерлік мәселелерді шешу болып табылады, сонымен қатар, ғылыми салада әйел адамдарды ғылыми мансапты дамытуға ынталандыру және олардың мамандықтағы жетістіктерін мойындау. 

Дөңгелек үстелде қазақстандық ғылым мен білімдегі әйел тұлғасы, білім беру жүйесіндегі әйел адамдардың өкілдік етуі мен мансаптық өсуі, гендерлік ассиметрия және ғылым мен жоғары білімнің феминизациясы, қазіргі қоғамды трансформациялау жағдайында әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыруы және кәсіби өсуі, , әйелдер мансабының психологиясы: жеке және этностық модустар, «Бұзылған баспалдақ»: Мансаптың алғашқы қадамдарындағы гендерлік кедергілер мәселелері қаралды:

2019 жылғы адами даму туралы баяндаманың деректері бойынша Қазақстан 189 елдің ішінде 50-ші орында, бұл Қазақстанды адами даму деңгейі өте жоғары елдер санатына жатқызады. Қазақстан гендерлік теңдік пен гендерлік дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша да жетекші орында: әйелдер үшін гендерлік даму индексі (IGR) ерлер үшін 0,790 салыстырғанда 0,795 құрайды, бұл әйелдер мен ерлер арасындағы теңдіктің жоғары деңгейін көрсетеді (гендерлік дамудың жиынтық индексі 1,006 құрайды). Бұдан басқа, соңғы бірнеше жылда Қазақстан өзінің Гендерлік теңсіздік индексінің мәнін 2000 жылғы 0,405-тен 2017 жылы 0,197-ге дейін төмендетіп, Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша орташа көрсеткіштен (0,279) төмен көрсеткішке қол жеткізді.

Әсіресе, гендерлік асимметрия және мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беруді феминизациялау, яғни білім беруде әйелдер тұлғасы айқын байқалады. Мұның өзіндік «артықшылықтары» және зерттелуі тиіс «кемшіліктері» бар. Бірақ, анық «кемшіліктердің» арасында ерлердің жастарды тәрбиелеудегі ықпалының төмендігі байқалады.

Бұдан басқа, отбасындағы тәрбие әлемі іс жүзінде Әйелдің – ананың, әженің, әпке-қарындастың иығында. Бұл жерде баланың және жалпы өскелең ұрпақтың жеке басын қалыптастыруға ерлердің қатысуының тапшылығы мен жетіспеушілігі байқалады.

Қазақстандағы заманауи әйел еркектермен қатар жоғары білім алуға, тұлғалық өзін-өзі іске асыруға және кәсіби мансабын құруға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.

Әсіресе, мұны қазіргі заманғы жоғары мектептің мысалынан айқын байқауға болады.