Жаңалықтар

Профессор Рико Снеллердің келуі

04.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қысқа мерзімді бағдарламалар аясында PhD доктор, Мандевиль Академиясының профессоры (Нидерланды) Хенрико Снеллер шақырылды. Ол дінтану және мәдениеттану кафедрасында 04.12.2021 ж.бастап 31.12.2021 ж. дейін «Perspectives on Synchronicity, Inspiration, and the Soul» дәрістерін оқиды және магистранттар мен докторанттарға консультациялар өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Философия апталығы аяқталды

25.11.2021

ҚазҰУ-дың философия кафедрасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік философия күні аясында бірқатар ғылыми-танымдық іс-шаралалар апталығы өз мәресіне жетті.    

Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын философия кафедрасы осы мереке қарсаңында конференциялар, ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, Отандық және шетелдік белгілі ғалымдармен кездесулер өткізуді жалғастырып келеді.

 

Ары қарай оқу >>

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық дөңгелек үстел

24.11.2021

III Философиялық конгресс аясында 24 қараша күні сағ. 14.00-де әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасының 409 залында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯ: ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы бастап ашып, қатысушыларға өз тілегін білдірді. 

Ары қарай оқу >>

Ағын Қасымжанов – ғалым-философ, фарабитанушы

24.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасы және Әл-Фараби орталығының ұйымдастыруымен ІІІ Қазақстандық философиялық конгресс аясында Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың 90 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ағын Қасымжанов – ғалым-философ, фарабитанушы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Дінтанудағы қазіргі заман тенденциялары. Постнормальды кезең мәселелері: антропологиялық дискурс

17.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы мен әл-Фараби орталығы және «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислам діні бірлестігі, сондай-ақ Ахмет Ясауи университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті және теология факультетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 16 қарашасында философия ғылымдарының докторы, профессор Орынбеков Мұханмадияр Серікбекұлының 75 жылдығы және Халықаралық толеранттылық күніне арналған «Дінтанудағы қазіргі заман тенденциялары. Постнормальды кезең мәселелері: антропологиялық дискурс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға өтті.

 

Ары қарай оқу >>

Философия және буддизм мәдениеті

15.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қысқа мерзімді бағдарламалар аясында философия ғылымдарының докторы, профессор, Қалмақ мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Валерий Николаевич Бадмаев шақырылды. Ол 15.11.2021 ж. бастап 12.12.2021 ж. аралығында дінтану және мәдениеттану кафедрасында «Буддизм философиясы және мәдениеті» дәрістерін оқып, студенттер мен магистранттардың немесе PhD докторанттар контингентіне кеңес береді.

Ары қарай оқу >>

Жастардың инновациялық әлеуеті: спорт, мәдениет, білім

27.10.2021

2021 жылғы 27 қазанда Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал федералдық университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып, «Жастардың инновациялық әлеуеті: спорт, мәдениет, білім» халықаралық жастар ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

 

Ары қарай оқу >>

«Оқу үдерісін үздік әдістемелік қамтамасыз ету» конкурсының қорытындысы

22.06.2021

Философия және саясаттану факультетінде білім беру сапасын жоғарылату, жаңашылдыққа негізделген бағдарламаларды айқындау, озық тәжірибелермен бөлісу және оқытушыларды ынталандыру мақсатында, профессор-оқытушы құрамның арасында «Оқу үдерісін үздік әдістемелік қамтамасыз ету» бағытында конкурс өткізілді.

Ары қарай оқу >>