Жаңалықтар

Құттықтаймыз

30.09.2022

2022 жылы 30 қыркүйекте әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты «6D061300 - Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Чилдибаева Асел Жумагуловна «Іле және Шарын өзендерінің жайылмасында сирек кездесетін, эндемдік Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің популяцияларының қазіргі жағдайын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Қорғауға диссертациялық кеңестің 12 мүшелері, 2 ресми рецензент, отандық ғылыми жетекшісі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті, б.ғ.к. Аметов Абибулла Аметович және шетелдік ғылыми жетекшісі Анадолу университетінің профессоры, PhD Гүлмира Өзек (Ескишехир, Түркия) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге 100% бірауыздан қолдап дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы А.Ж. Чилдибаева мен ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай табыстар тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

АҚШ-ТЫҚ ПРОФЕССОР ШУХРАТ МИТАЛИПОВТЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІСІ

28.09.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биология ғылымдарының докторы, Орегон ұлттық приматтарды зерттеу орталығы және АҚШ-тың Діңгекті жасушалар орталығының профессоры Шухрат Миталипов «Қазіргі эмбриология мен генетикадағы жаңа технологиялар» тақырыбында дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

ЖУМАГУЛ МОЛДИРДІҢ PHD ДИССЕРТАЦИЯСЫН ҚОРҒАУЫ

22.09.2022

2022 жылдың 22 қыркүйек айында Әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты «6D060700 - Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жумагул Молдир Жакыпжановнаның «Жойылып бара жатқан Rhodiola rosea L. популяциясының экоморфологиялық және молекулалық-генетикалық сипаттамасы» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Қорғауға диссертациялық кеңестің 12 мүшелері, 2 ресми рецензент, отандық ғылыми жетекші Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна және шетелдік ғылыми жетекші Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Мария Хен (Будапешт, Венгрия) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге 100% бірауыздан жақтап дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы Жумагул М.Ж. мен ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай табыстар тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Ғылымдардың интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

09.06.2022

"Ғылым интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым" атты бірінші халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция 2022 жылдың 6 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

05.06.2022

2022 жылдың 5 маусымында молекулярлық биология және генетика кафедрасының оқытушысы, б.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Амангелді Қуанбайұлы Бисенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан "Құрмет" орденімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері BrainPatch (Ұлыбритания)компаниясының Start-up Халықаралық ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруға қатысты

23.05.2022

BrainPatch Start-up компаниясы (Лондон, Ұлыбритания) ҚазҰУ ғалымдарына - профессор, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушілері Кустубаева Альмира Мэлсовнаға, кафедра меңгерушісінің орынбасары б.ғ.к Датхабаева Гаухар Кубеновнаға, студенттер Зетова Аружан, Райханова Даригаға, магистранттарға Жадыгерова Асельге  және Пивкин  Вероникаға BrainPatchLtd Start-up бастаған халықаралық ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. 

Ары қарай оқу >>

Саленто университетімен ғылыми семинар

22.05.2022

Құрметті әріптестер!

Біз Саленто университетіндегі (Лечче, Италия) серіктестеріміз студенттер мен оқытушылар арасындағы ғылыми және мәдени білім алмасу үшін Эразмус Плюс жобасы аясында ғылыми семинар өткізуді жоспарлап отырғанымызды хабарлаймыз.

 

Семинарға Саленто университетінің профессоры Валерия Спеччия қатысады.

Семинардың негізгі мақсаты:

- Саленто университетінің қызметі мен ұйымдастыруымен таныстыру.

- студенттер мен оқытушыларды Саленто университетіндегі генетика саласындағы зерттеу тақырыптарымен таныстыру.

Семинар тілі: ағылшын

Семинардың уақыты мен күні: 30 мамыр, 13:30 (Алматы уақыты)

Семинарға сілтеме кейінірек жіберіледі.

Барлықтарыңыз қош келдіңіздер.

Қосымша мағлұматты 515 ауд. Биотехнология кафедрасының меңгерушісінен алсаңыздар болады.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

04.05.2022

2022 жылдың 4 мамырында молекулярлық биология және генетика кафедрасының оқытушысы – биология ғылымдарының докторы, профессор Колумбаева Сәуле Жанабаевна «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Профессор С.Ж.Колумбаева отандық және шетелдік басылымдарда 200-ден астам ғылыми мақалалар жариялады, оның ішінде Scopus және Web of Knowledge деректер базасында 17 жарияланымы бар. Сонымен қатар, ол 3 патенттің, 8 қорғау құжатының, 2 монографияның және 10 оқу құралының авторы. Хирш индексі – 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырудың 6 ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі, 6 ғылыми жобаның орындаушысы.

Колумбаева С.Ж. келесі құрметті атақтар мен марапаттардың иегері: «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы. 2008», әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің (75 жылдығына арналған) төс белгісі (2009 ж.). «Жоғары оқу орнының 2011 жылғы үздік оқытушысы» грантының иегері, ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқандар ғалым ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стипендиясының иегері. (2017). Колумбаева С.Ж. «ҚазҰУ хабаршысы» журналының бас редакторының орынбасары болып табылады. 2012 жылдан 2019 жылға дейін. БҰҰДБ Жаһандық экологиялық қоры Шағын гранттар бағдарламасының Ұлттық үйлестіру комитетінің мүшесі болды.

Ары қарай оқу >>