ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері BrainPatch (Ұлыбритания)компаниясының Start-up Халықаралық ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруға қатысты

23.05.2022

Көрулер: 1186

ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері BrainPatch (Ұлыбритания)компаниясының Start-up Халықаралық ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруға қатысты 

 

   BrainPatch Start-up компаниясы (Лондон, Ұлыбритания) ҚазҰУ ғалымдарына - профессор, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушілері Кустубаева Альмира Мэлсовнаға, кафедра меңгерушісінің орынбасары б.ғ.к Датхабаева Гаухар Кубеновнаға, студенттер Зетова Аружан, Райханова Даригаға, магистранттарға  Жадыгерова Асельге және Пивкин Вероникаға  BrainPatchLtd Start-up бастаған халықаралық ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.  "Гальваникалық вестибулярлық ынталандырудың жүрек соғу жиілігінің өзгеру көрсеткіштеріне әсерін зерттеу" жобасы адамның бейімделу потенциалы мен стресске төзімділігін арттыруға бағытталған вагус нервтерін инвазивті емес эклектикалық ынталандыруға арналған инновациялық жоғары технологиялық BrainPatch құрылғысының тиімділігін зерттеуге арналды. Start-up жобасын іске асыруға елеулі үлес қосқаны үшін Brain Patch компаниясы ҚазҰУ-дың когнитивті нейробиология ғылыми - зерттеу орталығына адамның жүрек қызметін бақылайтын жеті аппарат-трекерлер (АҚШ) сыйға тартты.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейробиология кафедрасының қызметкерлері Г.Датхабаева, Б. Аманбаева, А. Бектұрсынова