Жаңалықтар

Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары

30.11.2019

29 қараша 2019 жылы Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында студенттерге дәріс өткізілді. Биология және биотехнология факультетінің оқытушылары "Желтоқсан жұлдыздары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мустафина Гүлмира Баятқызымен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

ЛИЛЛДЕГІ ERASMUS ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ, ФРАНЦИЯ

08.11.2019

Erasmus+ жобасы аясында әл-Фараби университетінен биотехнология кафедрасының оқытушысы Конуспаева Гаухар қатысушы қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын 2019 жылғы 14-18 қазан аралығында өткізілді.

Амфитеатрда" басқару жоспары " тақырыбына арналған академиялық дәріс хас (магистр эквиваленті 2) 5 курс студенттеріне оның кәсіби білім саласына сәйкес жеке компаниядан шақырылған профессор оқыды. Дәріс 15 елден 40-тан астам студент үшін ағылшын тілінде оқылды. Барлық студенттер азық-түлік агроөнеркәсіп саласында кәсіби тәжірибесі бар.

"Ингредиенттердің өзара әрекеттесуі "тақырыбы бойынша практикалық жұмыс хас 4 курс франк тілді студенттерімен жүргізілді. Осы семестрде өздерінің өнеркәсіптік жобасы шеңберінде олар бірнеше түрлі өнімдер жасап, практикалық жұмыстар кезінде олардың арасындағы ингредиенттердің өзара әрекеттесуін талдап, топпен (барлығы 9 топ) және жалпы команда талқылауымен (35-ке жуық студент) талқылауға қол жеткізілді.

ISA және ISEN арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ISA франк тілді тобының 5 курс студенттері тамақ өнеркәсібі инженерлері шығарған азық-түлік өнімдерін әзірлеу үшін кейбір сандық технологияларды қолдану үшін ISEN студенттерімен жұмыс істейді. "Кестені оңайлату"бойынша практикалық жұмыс байқалды. Технологиялық процесті, соңғы өнімдер мен рецептураларды ұсынудың әр түрлі тәсілдері әзірленді.

Кейбір тағамдар өндірісі аясында мен "Ақуыз және рецептура", "Ферментация", "Липидтер және рецептура" және "Қоршаған орта, пестицидтер, жануарлардан алынатын өнімдер " атты 16 сағат дәрістерді оқыды.

Ары қарай оқу >>

"Сұңқар" шәкіртақы иелері

13.05.2019

Мамыр айының он үшінші жұлдызы күні ресми түрде "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының студент-жастарды қолдауға арналған игі жобаларының кезектісі "Сұңқар стипендиясы" жобасының иегерлеріне ректорат мәжілісінде арнайы сертификат табысталды. Республика бойынша ең үздік кәсіподағымыздың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған "Сұңқар" стипендиясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқуда үздік, қоғамдық жұмыстарға белсенді 20 студенті ие болды. Стипендия иегерлерінің қатарында "Биоалуантүрлілік және биоресурстар" кафедрасының 3 курс студенті Идаят Нұрсәуле Иманмәдиқызы бар. Нұрсәулені өмір ағымындағы кезекті белесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Мектеп оқушыларының сарайында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

11.05.2019

2019 жылы 11 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары Алматы қаласы мектеп оқушыларының сарайында 6000-ға жуық жоғарғы сынып оқушыларына университеттің мамандықтары туралы кәсіптік – бағыт бағдар жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ҰБТ жақсы тапсыруына сәттілік тіледі.

Авторы: Ерназарова Г.И., Турашева С.К., Нармуратова М.К.

Ары қарай оқу >>

Жылдың үздік студенті

10.05.2019

Министрліктер үйінде өткен студенттер мен ЖОО оқытушылық құрамына арналған "Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында" атауындағы республикалық конференция және Назарбаев университетіндегі "Болашаққа қадам" атауындағы ғылыми конференцияға Биология және биотеxнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, Ғылыми биология мамандығының 3 курс студенті Идаят Нұрсәуле қатысып қайтты. Конференцияда студент жастардың практикалық сауаттылығын арттыруға арналған Қазақстан университеттеріндегі зерттеу ісі лабораторияларының мүмкіншіліктері мен кемшіліктері турасында толыққанды мағлұмат берілді. "Болашаққа қадам" ғылыми конференция барысында дәріс-баяндама сабақтары мен тәжірибе жұмыстары Қазақстандағы білім беруді жаңғырту практиканың басымдылығымен жүзеге асатынын мойындатты. Сонымен қатар,  Идаят Нұрсәуле «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында» атты республикалық конференцияда «Жылдың үздік студенті» атанды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>