Жаңалықтар

"ЖИТС 21- ғасыр дерті"

30.11.2022

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері және оқытушылары!

Сіздерді желтоқсан айының 1-жұлдызында Биология және биотехнология факультетінің Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 1 курс магистранттары мен оқытушылары тарапынан ұйымдастырылып жатқан "ЖИТС 21- ғасыр дерті" атты іс-шараға шақырамыз. 
Өтетін күні: 01.12.2022 ж.
Уақыты: 11:00
Аудитория: Биология және биотехнология факультеті 427 кабинет
Ұйымдастырушылар “Биомедицина” мамандығының 1 курс магистранттары: Асқар А., Кенесова Д., Кенжегараева З., Нургазиева К., Серікқұлова А., Төлеубекова А. және кафедра эдвайзерлері: Есенбекова А., Үсіпбек Б., Бақтыбаева Л.

Ары қарай оқу >>

Scopus Awards Kazakhstan 2022 халықаралық сыйлығы

18.11.2022

2022 жылдың 15 қарашасында Астанада халықаралық Scopus сыйлығы табыс етілді. Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі мен «Elsevir» компаниясы Scopus журналдарына ғылыми мақала жариялап, табандылығымен көзге түскен ғалымдарды құттықтады. Scopus Awards Kazakhstan 2022 марапатына ие болғандардың қатарында кафедрамыздың профессоры Туруспеков Ерлан Кеңесбекұлы да бар.

Ары қарай оқу >>

ЕРЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

11.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері профессор Н.Ж. Өмірбекованы «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғаны үшін құттықтайды.

Ары қарай оқу >>

Жарнама

21.10.2022

2021 жылдың 24 қазаны мен 23 қарашасы аралығында биология және биотехнология факультетінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры РҒА К.А.Тимирязев атындағы өсімдіктер физиологиясы институтының бақыланатын фотобиосинтез зертханасының меңгерушісі, РҒА корреспондент-мүшесі Сүлейман Аллахвердиев дәрістер оқиды. Ол энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы белгілі маман, физика-химиялық, молекулалық биология және өсімдіктер биохимиясы саласындағы халықаралық деңгейде мойындалған ғалым. 2021 жылы С. Аллахвердиев Global Energy халықаралық энергетикалық сыйлығының лауреаты атанды. Аллавердиевтің ғылыми қызығушылықтары С.И. ІІ фотожүйенің құрылысы мен қызметін, су тотықтырғыш кешенін, жасанды фотосинтезді, сутегінің фотоөндірілуін, күн энергиясының басқа түрдегі энергияға фотокаталитикалық түрленуін, сонымен қатар сыртқы кернеулердің өсімдіктерге әсерін зерттеуді қамтиды және өсімдік фоторецепторларынан сигнал беру механизмі. Ол рецензияланған шетелдік журналдарда жарияланған мақалалардың авторы: Scopus деректер базасында 332 мақала, сілтеме саны 16121 (h-index-63) және web of Science деректер базасында 357 мақала, сілтеме саны 15614 ( h-индекс-62).

Факультеттің студенттері, магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары шақырылады.

.

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы қалалық сенбілікте

08.10.2022

Бүгін, 2022 жылдың 8 қазанында, Мемлекет басшысы жариялаған «Табиғатта қоқыс жоқ!» жалпыұлттық акциясы аясында өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің «Молекулярлық биология және генетика» кафедрасының әкімшілігі, қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары мен студенттері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

«Отбасы және отбасы құндылықтары»

06.10.2022

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Сіздерді 6 қазан 2022ж. сағ. 17:00- де биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен «7M01504-Биология» мамандығының 2 курс магистранттарының қатысуымен өтетін  “Отбасы және отбасы құндылықтары ” атты іс-шараның қонағы болуға шақырады.

Күні: 06 қазан 2022 ж. Басталуы: 17:00-де Аудитория:435

 Ұйымдастырушылар:  «7M01504-Биология» тобының магистранттары және куратор-эдвайзерлер Жаманбаева Г.Т. Жапаркулова Н.И.


Ары қарай оқу >>

«Жоспарланбаған жүктіліктің профилактикасы», «Туберкулездің профилактикасы»

06.10.2022

Құрметті әріптестер мен студенттер!

2022 жылдың 6 қазанында сағат 14:00-де биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында оқытушы Лукьянчикова Е.Н. қатысуымен «Жоспарланбаған жүктіліктің профилактикасы», «Туберкулездің профилактикасы» тақырыбында дәріс өтеді.
 Қосылыңыз! Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз!
  
Күні: 6 қазан 2022 ж
Басталуы: 14:00
Өтетін орны: БИО 435 ауд.
Жауапты: кафедраның аға куратор-эдвайзері Сейдалиева Н.М.

Ары қарай оқу >>

КАФЕДРАДА ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР САЙТОУ НАРУЙАНЫҢ ДӘРІСТІК КУРСЫ БАСТАЛДЫ

30.09.2022

2022 жылдың 28 қыркүйегінен бастап биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында "Шақырылған профессор" бағдарламасы аясында Жапониядан келген PhD докторы, профессор Сайтоу Наруйаның дәрістік курстары басталды.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

30.09.2022

2022 жылы 30 қыркүйекте әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты «6D061300 - Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Чилдибаева Асел Жумагуловна «Іле және Шарын өзендерінің жайылмасында сирек кездесетін, эндемдік Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің популяцияларының қазіргі жағдайын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Қорғауға диссертациялық кеңестің 12 мүшелері, 2 ресми рецензент, отандық ғылыми жетекшісі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті, б.ғ.к. Аметов Абибулла Аметович және шетелдік ғылыми жетекшісі Анадолу университетінің профессоры, PhD Гүлмира Өзек (Ескишехир, Түркия) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге 100% бірауыздан қолдап дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы А.Ж. Чилдибаева мен ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай табыстар тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>