Тұрақты даму мүддесін көздейтін серіктестіктер

Биотехнология кафедрасы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

21.12.2023

Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жету үшін ғылыми серіктестікті дамыту жаһандық мәселелерді шешу және тұрақты дамуға қол жеткізуде өте маңызды. Пәнаралық ынтымақтастық SDG мақсаттарына қол жеткізу үшін ғылыми серіктестікті нығайтудың негізгі аспектісі болып табылады, оның мақсаты ТДМ-ның күрделі және өзара байланысты табиғатын ашу үшін әртүрлі ғылыми пәндер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруға, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар, технология, инженерия және басқа да салалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тұрақты ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия және денсаулық сақтау саласы сияқты нақты ТДМ-на қол жеткізу үшін озық технологияларды әзірлеу мен қолдануды ынталандыратын кешенді шешімдерді әзірлеу болып табылады.

Факультет ғалымдары 17-ші Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған халықаралық ынтымақтастықты арттыруға белсенді атсалысуда. Атап айтқанда, 2023 жылдың 11-19 желтоқсаны аралығында өткен ғылыми іссапар аясында АР 19676645 «Бие сүтінің сарысу ақуыздарының биологиялық белсенді пептидтерін өндіру биотехнологиясы» жобасының орындаушылары биотехнология кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары М.Х. Нармуратова және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы А.А.Мелдебекова, сондай-ақ биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының докторанты Г.Х.Нармуратова Путра Малайзия университетінің екі факультеті (Куала-Лумпур, Малайзия) – биотехнология және биомолекулалық ғылымдар факультеті мен инженерлік факультеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология кафедрасы арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың болашақ перспективаларын талқылады. 

Ары қарай оқу >>

ТОКИО ҒЫЛЫМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ (TOKYO UNIVERSITY OF SCIENCE) МЕН ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БОЛАШАҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

26.10.2023

Халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған орнықты даму саласындағы 17-мақсатқа қол жеткізу үшін факультет халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысады. Осындай кездесулердің бірі 2023 жылғы 23-24 қазанда Токио ғылым университетінің жаратылыстану ғылымдары бөлімінің профессоры Тацуи Томоның Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жұмыс сапары кезінде өтті. 

Ары қарай оқу >>

«Әскери мақсаттағы жерлер үшін озық фитотехнологиялар арқылы климаттың өзгеруінің салдарын азайту» тақырыбындағы НАТО MYP G6094 жобасы

29.09.2023

Жобаның орындалу мерзімі: 2023 жылғы 27 қыркүйек - 2026 жылдың 26 қыркүйек аралығы. 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ ТДМ 13-мақсатын (Климаттың өзгеруімен күресу) жүзеге асыру шеңберінде НАТО қаржыландыратын НАТО MYP G6094 «Әскери мақсаттағы жерлерге арналған озық фитотехнологиялар (MilClimATech) арқылы климаттың өзгеруінің әсерін азайту» тақырыбындағы 2023-2026 жылдарға арналған жобасында байланыстырушы университет болып табылады.

Жобаның бас орындаушысы Устинад-Лабемдегі Ян Эвангелист Пуркинье университетінің (УЙЕП) профессоры Валентина Пидлиснюктің, сондай-ақ Украинаның Владимир Гнатюк атындағы Тернополь ұлттық педагогикалық университетінің (ТНПУ) докторы Андрей Герцтің қатысуымен онлайн талқылау өтті.

 

Ары қарай оқу >>

Шэньси технология және ғылым университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті арасындағы болашақ жоба жұмыстары талқыланды

29.09.2023

25.09.2023-28.09.2023 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің деканы Құрманбаева М.С. мен  Шэньси технология және ғылым университетінің (Сиань, ҚХР) профессоры Джиан Джа (Jian Zha) арасында іскерлік кездесу өтті. Кездесу барысында Шэньси технология және ғылым университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті арасындағы болашақ жоба жұмыстары талқыланып, магистрлар және докторанттардың  ғылыми-тағылымдама өту мүмкіндігі айқындалды. Сонымен қатар, профессор Джиан Джа “Metabolic engeneering of E.coli for the production of anthocyanin” тақырыбында дәріс оқып, өзінің микробиология және молекулалық биология саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

ENSAIA-мен BioWare (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша қос диплом бағдарламасын ұзарту жөніндегі келіссөздер

21.09.2023

12 қыркүйекте ENSAIA университетінің басшылығымен ENSAIA университеті мен BioWare (магистратура) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология (магистратура) бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын ұзарту бойынша келіссөздер өтті. Жыл сайын ENSAIA-да Абай-Верн бағдарламасы аясында 6 магистрант білім алуда, олар Нанси қаласында 1 жылдық оқудан өтеді, сонымен қатар Францияның жетекші ғылыми институттары мен өндірістік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

20.09.2023

2023 жылдың 7-14 қыркүйек аралығында Қытай Ғылым академиясының Тяньцзинь өндірістік биотехнология институтының (TIB CAS) ғалымдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне іс-сапарға келді.

Осы айтулы сапар аясында Bio-Agriculture TIB CAS тобының бас үйлестірушісі, профессор Чжиюнг Хуанг және профессор Джинджин Ванг биология және биотехнология факультетінің деканы М.С. Құрманбаевамен достық кездесу өткізді, онда екіжақты ынтымақтастық перспективалары және биотехнология саласындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>