Іс-шаралар

«ГМО – артықшылықтары мен кемшіліктері» (рөлді ойын) тақырыбы бойынша пікірталас алаңы

15.02.2024

2024 жылдың 14 ақпанында биотехнология кафедрасының оқытушылары Мамытова Н.С. және Воронова Н.В. «6В05103 – Биотехнология» мамандығының ағылшын тілі тобының 2 курс студенттерімен «ГМАартықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында танымдық іс-шара (іскерлік ойын) өткізді. Іс-шара биология және биотехнология факультетінің ТДМ 2 – аштықты тоқтату жол картасының кестесіне сәйкес өткізілді. Іс-шараның мақсаты: генетикалық модификацияланған өнімдерді қолдануға байланысты қауіп-қатер критерийлері немесе оң әсерлері, олардың адам ағзасы үшін маңызы, халықтың тамақтануын ұтымды етудің қазіргі тенденциялары және қоршаған орта экологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер – адам өмірі мен денсаулығына әсер ету нәтижелерін бағалау үшін генетикалық түрлендірілген азық-түлік өнімдерінің қорғаушылары мен қарсыластары ғалымдарының зерттеулерін талдау.

Ары қарай оқу >>

«Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары»

26.01.2024

2024 жылғы 25 қаңтарда биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушылары Есенова М.Ә. және Кулмурзаева Л.Р. 6B05109 - Нейроғылым мамандығының 1 курс студенттерімен «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбы бойынша ТДМ 11 шеңберінде семинар-тренинг өткізілген болатын. ТДМ 11 бойынша өткізілген семинар-тренингтің мақсаты жер сілкінісі болған жағдайда қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіп, зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесу, өте сақ болып, ғимаратты тез арада босату, яғни басқа жаққа бару керектігі туралы толық мағлұмат беру болатын.

 

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықта таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Жер сілкінісі – дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай – ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады. Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф құралы арқылы ғана байқауға болады. Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып – білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді. Сонымен қатар, қауіпсіздык шараларын есте сақтау үшін жаттығулар жасалды.

Ары қарай оқу >>

«Дұрыс тамақтану-деннің саулығы мен ұзақ өмір сүрудің кепілі»

10.01.2024

2024 жылғы 8 қаңтарда биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушылары Қайрат Б.Қ, Ешмуханбет А.Н. 7M05102-Биомедицина мамандығының 2 курс студенттерімен «Дұрыс тамақтану-деннің саулығы мен ұзақ өмір сүрудің кепілі» тақырыбы бойынша ТДМ 3 шеңберінде денсаулықты күтудің негізгі белгілері - дене белсенділігі және дұрыс тамақтану мақсатында семинар-тренинг өткізілді.

Денсаулықты сақтаудың басты шарттарының бірі дұрыс тамақтану болып табылады. Тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн және тамақ құрамының құндылығы жайлы түсіндірілді. Дұрыс тамақтану салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылады, оның негізгі ережелері балалық шақтан берілуге ​​тиіс және өмір бойы сақталуы тиіс. Тамақтану пирамидасы – диетологтар ұсынған, дұрыс тамақтану принциптерінің схемалық түрі талданды. Семинар-тренингта магистранттарға күнделікті мәзірде ақуыздарды, микроэлеменнттердің болуын қадағалау керектігі айтылып, газды сусындар мен фаст-фуд өнімдерін пайдаланбауға кеңес берілді. Дұрыс тамақтануға байланысты халық мақал-мәтелдері айтылды. Студенттер арасында кең танымалға тез дайын болатын, әр түрлі химиялық қоспаларға толы тағамдар ие болғаны алаңдатады. Сондықтан дұрыс тамақтанудың заңдылықтарын сақтамау көптеген қауіпті аурулар дамуының факторы болады. 

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ ШЫҰУ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРҒА АРНАЛҒАН КҮЗГІ ОҚУ МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ

15.12.2023

14 – 21 қараша күндері Мәскеу қаласы, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінде (РХДУ) «Тұрақты даму саласындағы жобаларды іске асырудың инновациялық құралдары» тақырыбы аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университеті (ШЫҰУ) ұйымдастырған білім апталығы өтті. ШЫҰУ-нің күзгі мектебіне қатысуға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен «Биология және биотехнология» факультетінің «Биотехнология» мамандығы бойынша екінші курс магистранты Каншора Әсел Сабитқызы ұсынылып, шақырту алды.

2023 жылғы ШЫҰ Университетінің күзгі мектебіне ұйымға кіретін мемлекеттер студенттері (Ресей, Қытай, Қазақстан, Индия, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан), ШЫҰ бақылаушы елдері студенттері (Беларусь, Иран) және БРИКС елдері студенттері (Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы) қатысты. Студенттерді университет ректоры Олег Ястребов жылы сөздерімен қарсы алды.

 

Ары қарай оқу >>

«Табиғатты қорғау. Экологиялық қауіпсіздік»

14.12.2023

2023 жылғы 13 желтоқсанда PhD, доцент м.а. Аширова Ж.Б. жетекшілігімен биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында студенттер тек білім алып қана қоймай, табиғатты қорғау және экологиялық қауіпсіздікке қатысты зерттеулерге белсенді қатысты. Жақында өткізілген семинар студенттерді төрт топқа бөлді, олардың әрқайсысы адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің ерекше аспектілерін терең зерттеді.

Бұл көп қырлы семинар студенттердің табиғатты қорғаудың негізгі аспектілеріне қатысты зерттеу жұмыстарына қалай белсенді қатыса алатынының мысалы болды. Әр топ адам мен табиғат арасындағы күрделі қатынастарды түсінуге ерекше үлес қосты, бұл мәселелерді болашақ экологиялық тепе-теңдік үшін терең түсінудің маңыздылығын атап өтті.

Ары қарай оқу >>

«АИТВ/ЖИТС туралы не білу керек»

02.12.2023

Іс-шара студенттердің АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Презентациялар, пікірталастар және интерактивті дискуссиялар арқылы қатысушылар қорғаныс әдістері, АИТВ-ға тұрақты тексерулер және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы толық ақпарат алды.

Студенттер пікірталастарға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Іс-шараның арқасында қатысушылар жаңа білімге ие болды, АИТВ-ның таралуын болдырмау жолдары туралы көбірек хабардарлығын арттырды және өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы туралы саналы шешім қабылдау мүмкін болды.

Ары қарай оқу >>

«Психоактивті заттар мен құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу»

18.11.2023

2023 жылғы 17 қарашада биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Есенбекова А.Е. 6B05108-Биомедицина мамандығының 3 курс студенттерімен «Психоактивті заттар мен құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбы бойынша ТДМ 3 шеңберінде кез келген жастағы барлық адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатына жәрдемдесуге ықпал ету мақсатында дәріс өткізілді.

Қазіргі уақытта психоактивті заттар мен құмар ойындарға тәуелділік өзекті мәселе. Дәріс студенттерге құмар ойындар мен нашақорлықтың алдын алу механизмдері, себептері мен әдістері туралы түсінік қалыптастыруға және тәрбиелеуге бағытталған. Дәрістен бөлек студенттер тақырыпқа сай Отандық “Шекер” сериалына, сонымен қатар Хьюберт Селбидың «Реквием по Мечте» және Уильям Берроуздың “Джанки” атты кітабына талдау жасалды.

Қосымша тапсырма ретінде “Суд над Наркоманией” тақырыбында көрініс құрды. Көріністің мақсаты - адамдардың алкоголь мен есірткіні қолдануының алдын алу, осы мәселе бойынша білім алуға деген ұмтылысты қалыптастыру, өз іс-әрекеттерін бақылау және олардың нәтижесін болжау. 

 

Ары қарай оқу >>

Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері

31.10.2023

2023 жылғы 31 қазанда PhD, доцент м.а. Кенжеева Ж.К. биофизика, биомедицина және нейронаука кафедрасының "Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері" тақырыбында  табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру мақсатында семинар сабағын өткізді.

Адам денсаулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.
Біздің бақытымыз тікелей денсаулығымызға байланысты. Сондықтан әр адамның таңдауы салауатты өмір салтын сақтау болуы тиіс.

Тәжірибелер бейнеге жазылады және барлығына ашық қол жетімді!

https://drive.google.com/file/d/1gDo6_ypJF6Xs8wg5hP4KWJd-uD4pU-i6/view?usp=sharing 

 

Ары қарай оқу >>

"Сақтау үшін, зерттеу керек"

23.10.2023

19.10.2023 ж. "Биоалуантүрлілік және биоресурстар" кафедрасында 1 курс докторанты А.М. Баймуканова "Сақтау үшін, зерттеу керек"тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға докторанттар, магистранттар және кафедра студенттері қатысты. Докторант Әсел Баймұқанова Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі Каспий итбалықтарын зерттеудің өзіндік ғылыми нәтижелерімен бөлісті. Каспий итбалығы (Pusa Caspica Gmelin, 1788) - Каспий теңізінің бүкіл аумағында, Солтүстік Каспий жағалауынан Иранның жағалауына дейін өмір сүретін жалғыз теңіз сүтқоректісі және эндемик түр. Итбалықтардың көп бөлігі теңіздің солтүстік-шығыс бөлігінде шоғырланып, мұз қатқанға дейін сақталатын үлкен шоғырлар түзеді. Мұнда итбалық өмірінің ең маңызды кезеңі өтеді, өйткені көбею мен қоректену кезеңдері н мұзбен тығыз байланысты, сонымен қатар түлеу кезеңі өтеді. 20 ғасырдың басында Каспий итбалықтарының саны шамамен 1 миллион особь құрады. Каспий итбалықтарының популяциясы 80-ші жылдардың ортасынан бастап депрессияға ұшырады, ал итбалықтардың саны 450 мың басқа дейін қысқарды, қазіргі кезде бүкіл Каспий бойынша 100-170 мыңға жуық особь тіркелген.

Ары қарай оқу >>