8D05105 Биотехнология

Білім беру бағдарламасының атауы

8D05105 Биотехнология

Білім саласы

8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

8D051 Биология және онымен байланысты ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

D082 Биология және онымен байланысты ғылымдар

БББ мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты – ғылымның, білімнің, басқару мен өндірістің заманауи талаптарына жауап беретін, халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, биотехнология және сабақтас пәндер бойынша жан-жақты білімі бар; іргелі және қолданбалы зерттеулерді өз бетінше шығармашылықпен жоспарлап, жүзеге асыра алатын, биотехнологиядағы және онымен байланысты салалардағы ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу үшін инновациялық білімді синтездеу және біріктіру, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогреске, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосатын озық технологияларды құра алатын, жоғары білікті мамандарды даярлау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

180 академиялық кредиттер

Берілетін академиялық дәреже

Доктор

Оқытудың нәтижесі

1. Қазіргі ғылыми жетістіктер мен биотехнология ғылымы мен өндірісінің мәселелеріне сыни тұрғыдан баға беру; биология ғылымының даму тенденцияларын, бағыттарын, заңдылықтарын болжау;

2. Заманауи ғылыми зерттеулерде, өндірісте, биотехнология саласындағы және ғылымның сабақтас салаларындағы менеджменттегі маңызды мәселелерді шешуге қажетті терең жүйелік білімді көрсету;

3. Жаңа білім алу, биомедицина, биоинформатика, ауыл шаруашылығы, экология, нанотехнология, тамақ өнеркәсібі және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін перспективалы жаңа технологиялар мен инновациялық өнімдерді жасау үшін тың идеяларды қалыптастыру.

4. Биотехнология саласындағы заманауи теориялар мен талдау әдістеріне негізделген академиялық тұтастығымен сипатталатын тың ғылыми зерттеулерді әзірлеу, жоспарлау, үйлестіруг және жүргізу;

5. Компьютерлік сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсете отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен алынған мәліметтерді өңдеу және олардың биоинформатикалық талдауы үшін мамандандырылған бағдарламаларды қолдану;

6. Таңдалған ғылыми әдістердің сапасы мен тиімділігін талдай отырып, алынған тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып, нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалау және қонымды қорытындылар жасау;

7. орындалған жұмыс нәтижелерін баяндамалар, шолулар, презентациялар, ғылыми есептер және рейтингтік жарияланымдарда жарияланымдар түрінде ұсыну;

8. халықаралық ғылыми форумдарда, конференцияларда және семинарларда, оның ішінде шет тілінде ғылыми қоғамдастықта өз көзқарасын аргументтей отырып негіздеу және қорғау.

9. ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында патенттік ізденіс жүргізу, ғылыми-техникалық әдебиеттерге сыни талдау жасау;

10. оқу үдерісінде инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, биология ғылымдары саласындағы жоғары білім берудің негізгі білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асыру; білім беру бағдарламасының мазмұнын, ресімделуін және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу,

11. мемлекеттік ұйымдарды, фирмаларды, кәсіпорындарды, компаниялар мен мекемелерді биологиялық, медициналық, экологиялық және ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеп, сондай-ақ ақпарат ағындарының жылдам жаңаруы мен өсуі жағдайында маңызды шешімдер қабылдау үшін жауапкершілікті өзіне жүктей отыра ұйымдастырушылық қызметте, ғылыми немесе өндірістік ұжымды басқаруда алған білімі мен дағдылардың жиынтығын қолдану,

12. биотехнологиялық өнімдердің сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу және енгізу: ғылыми жобалар мен ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне, ғылыми мақалаларға, ғылым және білім саласындағы нормативтік құжаттарға, сондай-ақ азық-түлік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы-тұрмыстық биологиялық өнімдердің сапасын бақылау мен қауіпсіздігін бағалау жөніндегі ғылыми-әдістемелік құжаттамаға сараптама жүргізу.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/doctorate/speciality/1507

Академиялық қызмет

БББ нарық талаптарын, жұмыс берушілер мен студенттердің пікірлерін ескере отырып әзірленген. Облыстың жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілері БББ бойынша жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуге, ЭБ шеңберінде оқу траекториясын қалыптастыруға, элективті пәндер каталогын құруға белсенді қатысады.

БББ оқытушылар құрамы жасушалық және молекулалық биотехнология, экологиялық биотехнология, тағамдық биотехнология, молекулалық-генетикалық технологиялар, гендік инженерия, биоинформатика саласындағы жоғары білікті мамандармен ұсынылған. Бұл Қазақстан Республикасының және шетелдің ғылыми орталарында беделді, кәсіби және ғылыми өміршеңдігін өз жетістіктерімен, сонымен қатар студенттерінің жетістіктерімен дәлелдеген мамандар. Мұғалімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Дүниежүзілік даму банкі, МАГАТЭ қаржыландыратын республикалық бағдарламалар мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысады. БББ 8D05105-PhD «Биотехнология» енгізуге қатысатын профессорлық-оқытушылық құрамның 90%-ы ғылыми жобалардың жетекшілері немесе осы зерттеулерді орындаушылар болып табылады. Оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелер иеленуі - 100%-ды құрайды. Докторанттарды дайындауға атсалысатын профессор-оқытушылар құрамының ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, 1 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі бар.

Биотехнология кафедрасында «Шетел ғалымдарын оқытуға тарту» бағдарламасына сәйкес келесі профессорлар сабақ жүргізеді:

Аллахвердиев Сулейман Ифхан оглы – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры., К.А.Тимирязев атындағы өсімдіктер физиологиясы институтының бақыланатын фотобиосинтез зертханасының меңгерушісі, РҒА, Ресей.

Погребняк Александр – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Сумск мемлекеттік университетінің наноэлектроника кафедрасының меңгерушісі, Украина.

Фай Бернар – PhD, доктор, профессор, Халықаралық даму үшін ауыл шаруашылығын зерттеу орталығындағы түйе зерттеу орталығының директоры, Франция.

Ғылыми қызмет

Маманды даярлаушы кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми жұмыстарға белсенді қатысады. Бүгінгі таңда кафедра 12 ғылыми жобаны жүзеге асыруда. БББ 8D05105-PhD «Биотехнология» жүзуге асыруға қатысатын профессорлық-оқытушылық құрамның 90%-ы ғылыми жобалардың жетекшілері немесе осындай зерттеулерді орындаушылар болып табылады. БББ 8D05105-PhD «Биотехнология» мамандығы бойынша оқитын көптеген докторанттар кафедрада орындалатын ғылыми гранттардың орындаушылары болып табылады.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері алыс және жақын шетелдердегі көптеген басылымдарда, соның ішінде Thomson Reuters және Scopus халықаралық деректер базасында индекстелген импакт-факторы нөлден жоғары басылымдарда көрініс табады. ПОҚ индекстелетін беделді басылымдарда жарияланады: International Journal of Hydrogen Energy, Biotekhnologiya, Microbiology resource announcements, Eurasian Chemico-Technological Journal, Molecular Biology, International Journal of Molecular Sciences, BMC Genomics, International journal of biology and chemistry, BioMed Research International, Journal of Biotechnology, International journal of reсent technology and engineering журналдары.

Халықаралық қызмет

Биотехнология кафедрасы шетелдік ғылыми ұйымдармен және орталықтармен серіктестік байланыста: РҒА СБ Цитология және генетика институты, Новосибирск, РФ, Беларусь Республикасы: Жасушалық биотехнология зертханасы, өсімдік биохимиясы және биотехнологиясы кафедрасы, Ұлттық ғылым академиясының Орталық ботаникалық бағы, Беларусь РҒА;. К.А.Тимирязев ат. РҒА Өсімдіктер физиологиясы институты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті; Небраска университеті (Небраска-Линкольн университеті, фитопатология бөлімі, молекулалық биология зертханасы), Линкольн, Небраска, АҚШ; Гранада университеті, (Гранада университеті, Биопатология және регенеративті медицина институты, эмбриология зертханасы, Гранада, Испания), Джон Иннес ғылыми орталығы, Англия; Аахен университеті, Германия, Аахен; Ішкі Моңғолия университеті, Қытай, Хух-Хотто қ.; Белосток университеті, микробиология зертханас (Польша, Белосток), Токио университеті (Токио, Жапония); Адам Мицкевич университеті (Польша, Познань); Микробиология институты, Чехия, Требон; Памуккале университеті, Денизли, Түркия; Инженерлік ENSAIA мектебі, Лотарингия университеті, Франция; Тель-Авив университеті, Израиль, Тель-Авив, т.б.

Докторанттарды дайындаумен айналысатын кафедралардың шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы халықаралық келісімшарттары бар:

Өзара түсіністік туралы меморандумдар: Берген университеті, Норвегия (мерзімі шексіз), Белосток университеті, Польша (мерзімі шексіз); Сулейман Демирел университеті (СДУ), Испарта, Түркия (мерзімі шексіз); Тяньцзинь өнеркәсіптік биотехнология институты (ТБИ), Тяньцзинь, Қытай;

Академиялық ұтқырлық келісімдері: Саленто университеті, Италия және Аксарай университеті, Түркия.

«Биотехнология»бағыты бойынша екі дипломдық оқу жоспарын жүзеге асыру үшін оқу процесін ұйымдастыру туралы келісім: Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті, (мерзімі шексіз).

«Биотехнология» мамандығы бойынша екі дипломдық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім: Белгород Ұлттық мемлекеттік зерттеу университеті (Ресей).

Студенттердің тәжірибесі туралы келісім: «Премикстер зауыты №1» ЖАҚ (Ресей, Белгород облысы)

Шетелдік оқытушы ретінде және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кафедра қызметкерін шақыру туралы келісім: Centre de cooperation internationale en recherche agronomique pour le developpement (CIRAD),

Ынтымақтастық келісімі: Аахен қолданбалы ғылымдар университетінің биоинженерия институты (IFB) (Juelich, Германия) – мерзімі шектеусіз келісімшарт.

Соңғы 2 жылда биотехнология кафедрасы келесі шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдармен: Берген университетімен (Норвегия), Белосток университетімен (Польша), Сулейман Демирел университетімен (СДУ), Испарта, Түркия), Тяньцзинь өнеркәсіптік биотехнологиялар институты (TIB), (Тяньцзинь, Қытай), Саленто университеті (Италия) ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға қол қойды.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

БББ 8D05105- «Биотехнология» 2016 жылы ASIIN халықаралық аккредитациясынан өтті.

2020 жылы KazSEE агенттігі де БББ 8D05105- «Биотехнология» (аккредиттеудің басталуы 23.06.2020, аяқталуы 22.06.2025 ж.) бойынша аккредитациядан өтті.

Биотехнология кафедрасының оқу бағдарламалары да НААР, НКАОКО-ның барлық рейтингтеріне қатысады және бірнеше жылдар бойы Қазақстанда 1-ші орынды иеленіп келеді.

БББ нарық талаптарын, жұмыс берушілер мен студенттердің пікірлерін ескере отырып әзірленген.

БББ мазмұнын жақсарту және сапасын қамтамасыз ету мақсатында онлайн сауалнамалар арқылы ақпаратты жинау, талдау және басқару негізінде студенттердің, бітірушілердің және жұмыс берушілердің қатысуымен мониторинг және тиімділікті бағалау жүргізіледі. Жетекші кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілері БББ бойынша жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуде, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға сын пікірлер беруде, сондай-ақ практикалық базаларды таңдауда көмектерін көрсетеді.