Құттықтаймыз

30.09.2022

Көрулер: 411

2022 жылы 30 қыркүйекте әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты «6D061300 - Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Чилдибаева Асел Жумагуловна «Іле және Шарын өзендерінің жайылмасында сирек кездесетін, эндемдік Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің популяцияларының қазіргі жағдайын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Қорғауға диссертациялық кеңестің 12 мүшелері, 2 ресми рецензент, отандық ғылыми жетекшісі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті, б.ғ.к. Аметов Абибулла Аметович және шетелдік ғылыми жетекшісі Анадолу университетінің профессоры, PhD Гүлмира Өзек (Ескишехир, Түркия) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге 100% бірауыздан қолдап дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы А.Ж. Чилдибаева мен ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай табыстар тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz