Саленто университетімен ғылыми семинар

22.05.2022

Көрулер: 1134

Құрметті әріптестер!

Біз Саленто университетіндегі (Лечче, Италия) серіктестеріміз студенттер мен оқытушылар арасындағы ғылыми және мәдени білім алмасу үшін Эразмус Плюс жобасы аясында ғылыми семинар өткізуді жоспарлап отырғанымызды хабарлаймыз.

 

Семинарға Саленто университетінің профессоры Валерия Спеччия қатысады.

Семинардың негізгі мақсаты:

- Саленто университетінің қызметі мен ұйымдастыруымен таныстыру.

- студенттер мен оқытушыларды Саленто университетіндегі генетика саласындағы зерттеу тақырыптарымен таныстыру.

Ғылыми семинар тақырыбы: Эукариоттардың ядролық ұйымдастырылуы саласындағы соңғы зерттеулер, оның ішіндегі эпигенетикалық модификациялар мен хроматин ұйымдастырылуының арасындағы қарым-қатынастарға ерекше назар аударылатын болады және оның адам ауруларын туғызудағы рөлі. (Recent research advances in the eukaryotic nuclear organization, focusing on the relationship between epigenetic modifications and chromatin organization and its roles in human diseases).

Семинар тілі: ағылшын

Семинардың уақыты мен күні: 30 мамыр, 13:30 (Алматы уақыты)

Семинарға сілтеме кейінірек жіберіледі.

Барлықтарыңыз қош келдіңіздер.

Қосымша мағлұматты 515 ауд. Биотехнология кафедрасының меңгерушісінен алсаңыздар болады.