Факультет туралы

    Биология және биотехнология факультеті. Біздің факультет – 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды даярлау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес, биология және биотехнология факультеті деп аталады. БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ  биология ғылымының докторы, профессор Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы. Биология және биотехнология факультеті  республикадағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі.

Факультетте төрт кафедра бар:

- Биотехнология,

- Биоалуантүрлілік және биоресурстар,

- Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар,

- Молекулалық биология және генетика.

  • Екі ғылыми-зерттеу институты – Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ мен Экология мәселелері ҒЗИ. Сондай-ақ бірегей биологиялық мұражай белсенді жұмыс жасайды. Биология және биотехнология факультетінің биолог мамандар даярлаудан 89 жылдық тәжірибесі бар.

    Жұмыс берушілер мен ҚР Ұлттық ғылым академиясы институттарының ірі ғалымдары мен жетекші мамандары студенттердің сапалы білім алуына өз үлестерін қосуда. Факультет 1934 жылдан бері 13 мың маманды әртүрлі биологиялық ғылым саласы бойынша дайындады, олар ғылыми-зерттеу орталықтарында, өндірісте, республикамыздың орта және жоғары оқу орындарында, алыс және жақын шетелдік білім беру мекемелері – Гарвард, Техас, Вирджиния, АҚШ, Франция, Канада, Ұлыбритания, Германия, Ресей университеттерінде қызмет атқарады. Факультет түлектері арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар кәсіпкерлер де бар. Олар қазіргі оқу бітірушілерге жұмыс беруші бола тұрып, сонымен қатар олардың оқу жоспарларын құруға, студенттердің үздіксіз тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге белсенді атсалысады.

   Факультет оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі үшін әлемдік алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды, ал ол оқу нәтижесі екі дипломдық бағдарлама бойынша, яғни студенттерге ҚазҰУ және шетел университеттерінің дипломын алып шығуға үлкен мүмкіндік береді. Факультеттің оқытушылары мен студенттері әрдайым шет тілі бойынша білімдерін жақсартуда. Факультетте мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытатын топтар құрылды. Жыл сайын факультетте 30-дан астам шетелдік университеттің ғалымдары биология және биотехнологияның заманауи бағыттары бойынша дәрістер оқиды және шеберлік сыныптарын жүргізеді.

   Факультет түлектері ҚР ғылыми-зерттеу институттарында; биология, биотехнология, ауыл шаруашылығы, экология салаларында; фармакология және криминалистика салаларында; генетика, молекулалық биология салаларында; гендік инженерия саласында; медициналық орталықтарда; білім беру орталықтарында; білім беру мекемелерінде білікті мамандар ретінде қызмет атқарады.

 

Біз әлеуметтік желідеміз: