Жаңалықтар

«Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

10.02.2023

09.02.2023 жылы 1 курс студенттері  тұрақты даму мақсаттары бойынша «Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттер климаттың өзгеруімен күрес жайында өз ойларымен бөлісті. Климаттық өзгерістер-маңызды экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси өлшемдері бар және адамзат үшін ең маңызды жаһандық мәселе.бірі болып табылатын  атап өтті. Парниктік газдардың көбеюі, орман алқабының қысқаруы, полигондарда органикалық қалдықтардың ыдырауы, қазба отындарын (мұнай, көмір және газ) электр станцияларында және іштен жанатын қозғалтқыштарда жағу сияқты бірнеше негізгі себептерін көрсетті. Қазақстанның климатының өзгеруіне Арал теңізін мысалға ала отырып баяндады. Климаттың өзгеруінің адамзат баласына тигізер салдарлары ретінде табиғи апаттар, атмосфералық жауын-шашын таралуының өзгеруі. адам денсаулығына әсері т.б. баяндалды. Студенттер климаттың өзгеруімен күресті әрбір адам жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік деігейдегі бағдарламаларды орындау керек деп қорытындылады.

Эдвайзер: Мамытова Н.С.

Ары қарай оқу >>

Смекенов И.Т. Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясына

03.02.2023

Смекенов Изат Темірғалиұлы 2022 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясына ие болды және осы ғылым саласындағы табыстары мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан сертификатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Өсімдік шаруашылығындағы генетикалық технологиялар» тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша халықаралық дөңгелек үстел

03.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында «Өсімдік шаруашылығындағы генетикалық технологиялар» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.  Оған отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты. 

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

27.01.2023

27 января 2023 года PhD докторант кафедры биоразнообразия и биоресурсов, факультета биологии и биотехнологии Казахского национального университета имени аль-Фараби состоялась защита диссертации на соискание степени доктора философии (PhD) Оразова Айдына Ерғалиұлы на тему: «Изучение состояния популяций редкого и эндемичного вида Миндаля Ледебура (Amygdalus ledebouriana Schltdl.) в условиях Восточного Казахстана» по специальности «6D061300 - Геоботаника». В защите приняли участие 12 членов диссертационного совета, 2 официальных рецензента, отечественные научные руководители профессор кафедры биоразнообразия и биоресурсов, д.б.н., Мухитдинов Наштай Мухитдинович и профессор, к.б.н Туруспеков Ерлан Кенесбекович. Зарубежный научный руководитель профессор университета Дебрецен, PhD Шрамко Габор (Дебрецен, Венгрия). Защита прошла успешно и диссертационный совет единогласно проголосовал за присуждение степени доктора философии (PhD) на 100%. Коллектив кафедры биоразнообразия и биоресурсов поздравляет А.Е. Оразова, а также научных руководителей и желает дальнейших успехов.

 

Кафедра биоразнообразия и биоресурсов 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генетика кафедрасының ардагері, б.ғ.к., доцент Бияшева З.М. 70-жылдық мерейтойына арналған «Генетикалық процестерді пәнаралық зерттеу: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстелдін нәтижелері

26.01.2023

2023 жылдың 26 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасының №409 мәжіліс залында биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының доценті, генетика және биостатистика саласындағы маман, жоғары білімнің алғашқы республикалық стандарттарының бірлескен авторы Бияшева Зарема Маратовнаның 70 жылдық мерейтойына арналған «Генетикалық процестерді пәнаралық зерттеу: шындық және перспективалар» атты гибрид форматында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«УНИВЕРСИТЕТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

20.01.2023

20-21 қаңтар күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Университет ғылымының дамуы Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты»атты ғылыми-практикалық конференция өткізілуде.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

01.01.2023

Құрметті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы! Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге келіп жеткен 2021 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Жаңа 2021 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз! Жаңа 2021 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

 

Ізгі ниетпен, Геоботаника мамандығының 1-курс PhD докторанттары

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Биология ғылымдарын дамытудың инновациялық аспектілері

01.12.2022

ҚР РҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Қ. а. Сапаровтың 80 жылдығына арналған "биология ғылымдарын дамытудың инновациялық аспектілері"тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел 

2022 жылғы 1 желтоқсанда "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА құрметті академигі, РҒА академигі, профессор Қуандық Әбенұлы Сапаровтың 80 жылдығына арналған "биология ғылымдарын дамытудың инновациялық аспектілері" атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және басқа университеттердің оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты. Барлығы 46 адам.

Шақырылған қонақтар: ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, "Тұран" университетінің ректоры э.ғ. д., профессор Алшанов Рахман Алшанұлы, Винсент Чан, БАӘ Халифа университетінің биомедициналық инженерия профессоры (Vincent Chan, Khalifa University).

Дөңгелек үстел барысында ҚР ҰҒА академигі, биология және биотехнология факультетінің деканы, б.ғ. д., профессор Заядан Болатхан Қазыханұлы, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ. д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна, сол кафедраның профессорлары: б.ғ. д.профессор Нуртазин Сабыр Темиргалиевич және б. ғ. д., профессор Шалахметова Тамара Минажевна сөз сөйледі. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры, б.ғ. д.Тулеуханов Султан Тулеуханович, Абай атындағы "Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессоры б.ғ. д., Тунгушбаева Зина Байбағысқызы және басқа да қонақтар ғалым және педагог Қ. Ә. Сапаровтың ҚР-дағы биология ғылымы мен білім беруді дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті

Дөңгелек үстел барысында Сапаров Қуандық Әбенұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Ғибратты ғұмыр" кітабының тұсаукесері өтті. Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да басылымның Жастарға, ұрпақтар сабақтастығына тәрбиелік маңыздылығы атап өтілді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>