Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың жолдауында еліміздің еңсесін елеулі көтеруге арналған реформалары баяндады

12.09.2022

Көрулер: 736

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың жолдауында еліміздің еңсесін елеулі көтеруге арналған реформалары баяндады.  Бұл жолдауда да әдеттегідей маңызды және өзекті  мәселелер қарастырылып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында бірқатар өзекті мәселелер қарастырылған, әсіресе балалар жылына орай балаларға арналған "Ұлттық -қор" болашақтың біршама бағдарламаларына жол ашатыны қуантады және де сонымен қатар көптеген білім ошақтарының көзін ашуына бағытталған бірқатар бағдарламаларда орын алған.Ата- бабаларымыз «Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» дегендей,  ұлт болашағы тәрбиеленетін балабақша мекемелерінің қызметкерлерінің маман сапасын жақсарту мен жалақысында көтеру мәселесіде шетте қалмады. Осы саладағы мамандардың қызметінің сапасын көтеру халқымыз  үшін маңызды мәселе деп есептеймін.К.Ж. Тоқаев болашақ жастарымыздың тәрбиеші мен педагог мамандарының орынына ерекше мән беріп, жастардың мотивациясын оятты. Бұл жайттар университетіміздің жастарының бас көтеріне құлшынысын оятып, осы жастарға арналған  біршама бағдарламалардың  жұмыс атқарылып жатқанымен көз жеткізе аламыз.  Осы жолдауда  басқа да қоғамдағы мәселерге шешімін табуға бірқатар тапсырмаларда беріліп отыр.   Соның ішінде қоғамдағы әйел азаматтарымыздың ерекше рөлін ескеріп, зейнетке шығу жасына да мән беріп кетті.  Президентіміздің «Жаңа Қазақстан» жаңа бағдарламалары мен реформалары Еліміздің дамуына тигізетін пайдасы мол. Осы шаралар тек сөз аясында ғана емес, іс жүзінде іске асатынына сенімдімін.

 

 Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.к, доцент Жапаркулова Н.И.