Жаңалықтар

Жәрмеңке

31.08.2016

Биофакта Агробиостанция өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде көкөністердің бірнеше түрлері сатылды. Түскен ақша ҚазҰУ қорына жіберілді.

 


 

Ары қарай оқу >>

Басымдықтар мен жаңашылдықтар

31.08.2016

       Биылғы жылы алғаш рет Агробиостанция аумағындағы 4 гектарға жуық алқапта бидайдың ерекше сұрыпы, 3 гектардан астам жерге тағамдық және сәндік асқабақ, қауын, қарбыз, картоп, сәбіз, пияз, қант қызылшасы, қызанақ, қияр, болгар бұрышы, қырыққабат, жүгері, аскөк және сыпырғы (сорго) өсірілуде. Сондай-ақ суландыру жүйесі мен агротехникалық іс-шаралары тұрақты түрде жүргізу қолға алынды. Болашақта Биология және биотехнология факультетінің «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығында оқитын студенттері мен магистранттары тәжірибесін кеңінен жүргізу мақсатында форель шаруашылығы, аквапоника және аквариумдар ұйымдастыру жоспарлануда.

Ары қарай оқу >>

Су-тіршілік көзі

17.05.2016

"Су - тіршілік көзі"  осы ұранды алға қойған Агробиостанция қызметкерлері Биология және биотехнология факультетінің деканы Заядан Болатхан Қазыханұлының бастамаымен өз күштерімен егістікке керекті су қазды. Осы уақытқа дейін жыл сайынғы егіс кезінде судың аздығынан егіс алқабы қурап, сусызданып, орнықты өнім бермей келген болатын. Сдың шығу тереңдігі 40 метрді құрады, екі жерден қазылды. Арнайы компрессорлар қойылып, су жиналатын кішкене көлшіктер жүйесі қазылды. Әрбір көлшікке ең кем дегенде 10т су жиналады. Көлшіктен егістікке керек кезінде арнайы су тартқышпен (вакумный насос) суды алып отыру жағы қарастырылды. Көлшіктер жүйесі егістікке керекті арнайы микроорганизмдер түрлерімен байытылды. Арнайы биологиялық фототрофты микроорганизмдермен байытылған, Күн сәулесімен жылытылған су егістікке егілген дақылдарды қуаттандырып, өнім көлемін арттыратыны сөзсіз.

Ары қарай оқу >>

Агробиостанция - келеші мол оқу-өндірістік кешен

17.04.2016

  Биология және биотехнология факультетінің деканы Заядан Болатхан Қазыханұлының бастамасымен  кафедра меңгерушілері   және оқытушы-профессорлар құрамы ҚазҰУ-ның ғылыми-өндірістік орталығы болып саналатын Агробиостацияға барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Бұл келудің мақсаты 2016 жылға жоспарланған жұмыстарды жан-жақты талқылап, өңдіріс тұрғысында жүргізілетін негізгі мәселелерін шешу болып табылды. Факультет деканының бастамасымен «Альгобиотехнология» лабораториясының негізі қаланды.  Бұл лабораторияда болашақта жасалатын жұмыстардың бірі – әлем ғалымдары үшін өзекті болып саналатын микробалдырлардан биодизель алу және фотобиореакторда фототрофты микроорганизмдерді көптеп өсіріп, құрғақ биомассасын еліміздегі алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік орталықтарға биотыңайтқыш ретінде беру керектігін факультет деканы баса айта кетті.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі Канаев Ашимхан Токтасынович Агробиостанцияның ғылымға қосар үлесі өте жоғары екенін және болашақта өзінің ғылыми жұмыстарының бір бөлігін осында жүргізуді ойлап жүргенін айта кетті. Биотехнология кафедрасының меңгерушісі Кистаубаева Аида Сериковна және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Баубекова Алмагуль Сериковна екеуі өз сөздерінде студенттердің өңдірістік практикасын Агробиостанцияда өткізудің маңызы өте зор екенін және осы тұрғыда жұмыс істеуді қолға алатындарын айтып өтті. Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі Тулеуханов Султан Тулеуханович бұл орталықтың тек ғылым үшін ғана емес, сонымен қатар ҚазҰУ-не қосар үлесі де өте жоғары екендігін айтты. Қазіргі таңда Агробиостанцияда Молекулалық биология және генетика кафедрасының жетекшісі Айташева Зауре Гайнетдиновна бастамасымен көктемгі егу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Биылдың өзінде кафедраның атынан қарбыздың, розаның, асқабақтың, қиярдың ұрықтары беріліп, алманың 20 дана көшеті отырғызылды.

Биология және биотехнология факультетінің деканы Заядан Болатхан Қазыханұлы Агробиостанцияда ғылым мен қатар өндіріс саласына да баса назар аудару керектігін және өнімнің көлемін арттырып, ҚазҰУ-не беретін пайда жағын да қарастыру керектігін баса айта кетті.  Үздіксіз өнім алу үшін жылыжай соғу мәселесін қарастырып жатқанын және қазіргі уақытта алдын ала дайындық жұмыстарының басталып кеткенін де айтты. Оқытушы-профессорлар құрамының жұмыстарының орындалатынына сенім білдіріп, Агробиостанцияның болашағы өте зор екенін айта кетті. 

Ары қарай оқу >>