Жаңалықтар

«Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі «Пандемия жағдайындағы азаматтық бастама» атты видеоконференцияға қатысты

07.05.2020

2020 жылдың 7 мамырында Шекаралас ынтымақтастық және интеграция институты (РФ) ұйымдастырған «Пандемия жағдайындағы азаматтық бастама» атты видеоконференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Тургинбаева А.Н. қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Менеджмент" кафедрасында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы

06.05.2020

Cтуденттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы Zoom платформасында онлайн форматта өтті. Менеджмент кафедрасы үшінші секциясы мәжілісінің тақырыбы: «Еуразия елдерінің мемлекетаралық ынтымақтастығының жаңа моделін дамыту:басқару аспектілері».

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес-технологиялар" кафедрасының болашақ түлектері үшін өзін-өзі оқшаулау кезіндегі бірегей мүмкіндік...

06.05.2020

6 мамыр күні сағат 11:00-де "Бизнес-технологиялар" кафедрасы Маркетинг және Логистика мамандықтарының биылғы жылы шығатын бакалавр түлектері үшін Кәсіптік бейімділік бағытындағы онлайн кездесу өткізді. Бүкіл әлемде болып жатқан қиын уақытта, өзін-өзі оқшаулау жағдайында, Бизнес-технологиялар кафедрасы 4-курс студенттерге үйден шықпай-ақ, «Қабылдау комиссиясының» Хатшысының орынбасары Б. Ж. Сапровпен кездесіп, онлайн режимінде магистратураға құжаттар тапсыру бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға үлкен мүмкіндік берді.

Ары қарай оқу >>

"Бизнес-технологиялар" кафедрасы басшылығының студенттермен «Онлайн сессия» өткізу ережелерін түсіндіру бойынша онлайн кездесу»

29.04.2020

"Бизнес-технологиялар" кафедрасының басшылығы: кафедра меңгерушісі, э.ғ. к., доцент Ахметова З. Б., кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, т. ғ. к. Ахметкалиева С. К., ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары доктор (PhD), э. ғ. к., доцент Товма Н. А. және кафедраның аға эдвайзері Маликова Р. М. 2020 жылдың 29 сәуір күні сағат 14.00-де ZOOM платформасында студенттер және магистранттармен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Дулат Бабатайұлының ”Өсиетнама” жинағына арналған іс-шара

29.04.2020

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойы қарсаңында жыл кітабы атанған Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» жинағына арналған іс-шара өткізді. 

Ары қарай оқу >>

"Экономика" мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында іс-шара өткізді

15.04.2020

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасының аясында Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» атты шығармасына арналған іс-шара өткізіп, кітаптар туралы өз ойларымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері онлайн режимде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізді

09.04.2020

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері эдвайзер И.Кулиевпен бірге ZOOM қосымшасы арқылы әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «әл-Фараби мұралары және оның қазіргі заманмен сабақтастығы» тақырыбында іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы

07.04.2020

2020 жылдың 6-7 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. ЭжБЖМ бағыты бойынша конференция «"Бір белдеу, бір жол" жобасы аясындағы Қазақстанның экономикалық дамуы: ғалымдардың баламалы көзқарастары» тақырыбына арналған.

Ары қарай оқу >>

«5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша «МЫҚТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ: МАРКЕТОЛОГТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ!» атты XII Республикалық студенттік пәндік Олимпиада нәтижелері

27.03.2020

2020 жылдың 27 наурызында ЭжБЖМ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының базасында «5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік Олимпиада өткізілді. Олимпиада Zoom қосымшасы арқылы онлайн тәртібінде өтті. Олимпиаданың финалдық турында жеребе бойынша әр команда шығып, кейс-стади бойынша өз шешімінің презентациясын ұсынды. Олимпиадаға Қазақстанның 4 аймағынан 6 ЖОО-дан 21 қатысушы қатысты. Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстанның әр түрлі ЖОО-нан барлығы 7 өтінім келіп түсті, олимпиаданың ІІ кезеңіне 7 команда қатысты.

Ары қарай оқу >>

Erasmus+ ENINEDU жобасы бойынша қорытынды конференция

27.03.2020

2020 жылдың 24-25 наурызда Erasmus+ Capacity building in higher education қолдауымен ENINEDU 574060-EPP-1-2016-KZ-EPPKA2-CBHE-SP жобасын диссеминациялау бойынша "Жаңа әлеуметтік ортада жоғары білім мен корпоративтік сектордың интеграциясы" халықаралық конференциясы өтті. Пандемияның жариялануына, РФ-ға кіруге және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынуына байланысты жоба бойынша қорытынды конференция онлайн режимінде өткізілді. Конференция аясында консорциум қатысушылары мен басқа да жоғары оқу орындары мен бизнес-сектордағы серіктестердің 20-дан астам онлайн байланысы ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>