Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес-технологиялар" кафедрасының болашақ түлектері үшін өзін-өзі оқшаулау кезіндегі бірегей мүмкіндік...

06.05.2020

Көрулер: 1614

 

6 мамыр күні сағат 11:00-де "Бизнес-технологиялар" кафедрасы Маркетинг және Логистика мамандықтарының биылғы жылы шығатын бакалавр түлектері үшін Кәсіптік бейімділік бағытындағы онлайн кездесу өткізді. Бүкіл әлемде болып жатқан қиын уақытта, өзін-өзі оқшаулау жағдайында, Бизнес-технологиялар кафедрасы 4-курс студенттерге үйден шықпай-ақ, «Қабылдау комиссиясының» Хатшысының орынбасары Б.Ж. Сапровпен кездесіп, онлайн режимінде магистратураға құжаттар тапсыру бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға үлкен мүмкіндік берді.  

 

Кездесу барысында магистратураға қабылдау талаптары туралы, қажетті құжаттар мен былтырғы енгізілген кәсіби пән бойынша емтиханның тест түрінде өткізілгендігі туралы түсінік берді. Онлайн кездесу Зум платформасында өтті.

 

Ағымдағы оқу жылының болашақ түлектерін аса қызықтыратын келесідей сұрақтар қызықтыратыны белгілі болды:

 

  1. Магистратура қандай артықшылықтар береді?
  2. Магистр дипломы бакалавриаттан айырмашылығы неде?
  3. Магистратураны бітіргеннен кейін бакалавр дипломы беретін маман тізімдері толығады ма? Магистратурадан кейін олар кім болып жұмыс істей алады?
  4. Магистратураға түсу үшін емтихан түрі қалай өткізіледі?
  5. Магистратураға даярлаудың 1жылдық және ғылыми бағыттары арасындағы айырмашылық және т. б. мәселелер.

 

Кездесуді ұйымдастырушылар: аға оқытушы Асқаров Ғ. А. және 1-курс докторанты Белғожақызы М.