Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің Исламдық қаржы орталығы "Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020" номинациясында жеңіске жетті
14.09.20202020 жылдың 14 қыркүйегінде исламдық банк пен қаржы индустриясының дамуына және кеңеюіне қосқан үлесі мен жетістіктері үшін үздік мекемелер мен жеке тұлғаларға Global Islamic Finance Awards 2020 номинацияларын 10-шы марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласында өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Исламдық қаржы ғылыми-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ислам қаржысы саласындағы озық тәжірибені дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020 сыйлығы номинациясының жеңімпазы ретінде марапатталды.