Әл-Фараби ҚазҰУ Исламдық қаржы білім беру және ғылым орталығы

   

 

Қош келдіңіздер!


Қымбатты достар!

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Исламдық Қаржы ғылыми-білім беру орталығы исламдық қаржыландыру бағыты бойынша қаржы мамандарын дайындайтын еліміздегі және Орта Азиядағы алғашқы оқу орындарының бірі.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев университетке сапар барысында Орталықтың Исламдық қаржы саласындағы бастамалары мен қызметін, сонымен қатар потенциалын жоғары бағалады.

 

Шетел университеттерімен (HBKU Qatar, UNIDA Gontor Indonesia, Amity India) және Астана халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) ынтымақтастықта біздің Исламдық қаржы орталығымыз әлемдік білім беру кеңістігінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, оларды қаржы секторына енгізу мен жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру, ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие орталық болып табылады. Біздің бірегей орталық білім алушыларға уақытты үнемдеп ыңғайлы, жайлылықпен білім алуға мүмкіндік беретін ең жаңа технологиялармен және заманауи бағдарламалармен жабдықталған.

 

Біздің оқытушылар мен докторанттар Малайзия, Оман, Катар, Америка Құрама Штаттарының жетекші университеттері мен исламдық қаржыландыру орталықтарымен бірлесе жүргізген зерттеу нәтижелерін монографиялар, мақалалар, кітаптар және кәсіби есептер түрінде жарыққа шығара отырып, исламдық қаржыландыруды оқып-үйретуге және оқуға білімін шыңдауға айтарлықтай ықпал етеді.

 

Біз сондай-ақ серіктестерімізбен бірге: Al-Saqr finance (исламдық лизингтік компания), Ijara (исламдық лизингтік компания), Al-Hilal Bank (Ислам банкі) Zaman Bank (Ислам банкі), Waqp (Қайырымдылық қоры), ICD (Ислам Даму Банкі тобының мүшесі) және AIFC қаржы институттарының тәжірибесін интеграциялау арқылы білім беру бағдарламаларымыз бен курстарымыздың өзектілігін арттыруға тырысамыз.

 

Біз оқытудың барлық нысандарына (офлайн, күндізгі, шағын топ, онлайн) және оқыту деңгейлеріне (бакалавриат элективті курс, магистратура, PhD бағдарламасы, кәсіби сертификаттауға) арналған исламдық қаржыландыру бойынша оқу бағдарламаларын ұсынамыз.

 

Сіздерді біздің орталықта асыға күтеміз.

 

 

Құрметпен,

Лаура Куанова

Директор