Дубина Игорь Николаевич

 

 

Аты-жөні

Дубина Игорь Николаевич

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Аффилиациясы

Новосибирск ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті (НМУ)

Елі, қаласы

Ресей Федерациясы, Новосибирск қ.

Scopus және Web of Science-тағы ғылымиметрикалық көрсеткіштерге сілтемелер

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=15072808400

https://app.webofknowledge.com/author/search-results/7bf05069-b50b-4a80-a86e-bb7eacc53dee

 

Түйіндеме

I_Dubina_CV-Russian_2017.pdf

 

Дубина Игорь Николаевич, э.ғ.д., профессор - Менеджмент кафедрасында "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 1 курс докторанттарына "Ғылыми зерттеу әдістері" курсын оқиды.

 

Игорь Николаевич Дубина 10.04.1970 жылы Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, Новосібір Ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінің профессоры Игорь Николаевич Дубина (Ресей Федерациясы, Новосибирск қ.) Ресей және шетел басылымдарында 170-тен астам жұмыстың, оның ішінде Ресейдің орталық баспаларында жарияланған 5 авторлық монография және бірлескен авторлықта ағылшын тілінде 2 монография, ОӘБ грифі бар 9 авторлық оқулықтар мен оқу құралдары, РФ ЖАК ұсынған журналдарда 25 мақала, халықаралық реферирленетін басылымдарда 12 мақала (h index = 5 Scopus базасында) авторы болып табылады. Профессор Дубина И.Н. "Journal of Knowledge Economy" және "Springer Encyclopedia of Creativity, Invention, Innovation and Entrepreneurship" журналдарының бас редакторының орынбасары, Scopus базасына кіретін "The Journal on business Creativity and Creative Economy", "Kindai Management Review" журналдарының редколлегиясының мүшесі болып табылады.

 

И.Н. Дубина 15 шетелдік университеттерде ғылыми-зерттеу және оқытушылық жұмыста үлкен тәжірибеге ие: George Washington University, Texas A&M University, Drake University, Buffalo State College, Waubonsee College (АҚШ), Martin Luther University Halle Wittenberg (Германия), Central European University (Венгрия), Japan Institute of Applied Technologies and Kindai University (Жапония), С. Аманжолов атындағы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан), Қырғыз-Ресей Славян университеті (Қырғызстан), European Forum Alpbach (Австрия).