"Менеджмент" кафедрасында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы

06.05.2020

Көрулер: 1584

 

Cтуденттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы Zoom платформасында онлайн форматта өтті.

 

Менеджмент кафедрасы үшінші секциясы мәжілісінің тақырыбы: «Еуразия елдерінің мемлекетаралық ынтымақтастығының жаңа моделін дамыту:басқару аспектілері».


Үшінші секция бойынша 84 мақала тапсырылып, оның ішінде 30 қатысушылардың «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» «Инновациялық менеджмент», «Жобаларды басқару», «Іcкеpлік әкімшілік жүpгізy» мамандықтарынан студенттердің – 5 (оның ішінде шетелдік – 1), магистранттардың – 22, докторанттардың – 3 баяндамалары тыңдалды. Үздік баяндама жасаған студент, магистрант және докторанттарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен номинациялар берілді.