"Бизнес-технологиялар" кафедрасы басшылығының студенттермен «Онлайн сессия» өткізу ережелерін түсіндіру бойынша онлайн кездесу»

29.04.2020

Көрулер: 1532

 

"Бизнес-технологиялар" кафедрасының басшылығы: кафедра меңгерушісі, э.ғ. к., доцент Ахметова З. Б., кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, т. ғ. к. Ахметкалиева С. К., ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары доктор (PhD), э. ғ. к., доцент Товма Н. А. және кафедраның аға эдвайзері Маликова Р. М. 2020 жылдың 29 сәуір күні сағат 14.00-де ZOOM платформасында студенттер және магистранттармен онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесуде талқыланған дипломдық және магистрлік жұмыстарды онлайн режимде қорғауға қатысты пайдалы ақпараттармен және сессияның онлайн өту барысы туралы толғандыратын сұрақтармен өте мазмұнды өтті. Қызығушылық танытқан сұрақтардың басым бөлігі:

 

-        онлайн емтихандардың прокторингі жүйесінің жұмысы туралы;

-        емтихан кезінде студентте болуы мүмкін форс-мажорлық жағдайлар туралы;

-        мемлекеттік емтихандарды өткізу форматы және оны болдырмай, орташа қорытынды бағамен белгілеп жабу мүмкіндігі туралы;

-        дипломдық және магистрлік жұмыстарының антиплагиат базасында тексеру жүйесі туралы;

-        бітіру жұмыстарын онлайн қорғау түрі және т. б. сұрақтар қойылды.


Онлайн кездесу кафедра студенттері мен магистранттарының көптеген толғандырған сұрақтарына нақты түсініктеме берді. Нәтижесінде, Бизнес-технологиялар кафедрасының студенттері өте риза және кафедраға алғыстарын білдірді.

 


Ұйымдастыру бойынша жауапты тұлға: оқытушы, 1-курс кафедрасының докторанты Белғожақызы М.