«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері онлайн режимде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізді

09.04.2020

Көрулер: 1716

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері эдвайзер И.Кулиевпен бірге ZOOM қосымшасы арқылы әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «әл-Фараби мұралары және оның қазіргі заманмен сабақтастығы» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында студенттер Ұлы ойшылдың мұрасы туралы білімдерімен бөлісті, оның шығармашылығының қазіргі әлемге әсерін талқылады. Сондай-ақ олар әл-Фарабидің мерейтойын халықаралық деңгейде қалай атап өтіп жатқаны және тағы қандай іс-шаралар жоспарланғанын айтты.