«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы

07.04.2020

Көрулер: 1864

 

2020 жылдың 6-7 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. ЭжБЖМ бағыты бойынша конференция «"Бір белдеу, бір жол" жобасы аясындағы Қазақстанның экономикалық дамуы: ғалымдардың баламалы көзқарастары» тақырыбына арналған.

 

Конференцияда ғылымның түрлі салалары бойынша, атап айтқанда экономика бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар қаралды. Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференция шеңберінде келесідей секциялар ұйымдастырылды:

 1. Жаңа Жібек жолы – ХХІ ғасыр экономикасы мен инновацияларының тұрақты даму жолы

2. Жібек жолы контексіндегі экономикалық белдеудің көлік-логистикалық инфрақұрылымның және маркетингтік қызметтерінің перспективалық бағыттары

3. Еуразия елдерінің мемлекетаралық ынтымақтастығының жаңа моделін дамыту: басқару аспектілері

4. Жібек жолының экономикалық белдеуі: қаржылық тәуекелдер мен мүмкіндіктер

 

Конференцияға жалпы саны 307 баяндама келіп түсті. Солардың ішінен 4 секция және факультет бойынша жеңімпаздар мен номинация иегерлері анықталды.