7М04143-Цифрлық экономика

БББ атауы

7M04143 Цифрлық экономика

Білім саласы

7М04 Бизнес, басқару және құқық

Дайындау бағыты

7М041 Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының тобы

M070 экономика

Мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты пәнаралық зерттеулер қиылысында цифрлық экономиканы талдау және дамыту саласындағы ғылыми проблемаларды шешуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау болып табылады.

Бағдарлама келесідей маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:

- озық ғылыми тәсілдер негізінде экономикадағы үлкен деректерді кәсіби талдайтын және басқаратын,

- бизнес-үдерістерге олардың тиімділігін талдау және бағалау негізінде стратегиялық жоспарлаумен, цифрлық технологияларды әзірлеумен және интеграциялаумен айналысатын,

- ғылыми негізделген қорытындылар негізінде экономиканың түрлі салаларында электрондық бизнесті дамытудың перспективалық бағыттарын айқындайтын,

- экономиканың түрлі салаларында бизнес-процестерді, ақпараттық технологиялар мен жүйелерді тиімді басқаратын,

- ұлттық экономикада практикалық іске асыру үшін магистрлік диссертация мен жарияланымдардағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін негіздейтін.

Бағдарлама еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарын қамтамасыз ететін мамандар біліктілігінің құзыреттілік моделі негізінде әзірленді. БББ магистрлердің негізгі құзыреттерін, олардың дайындық деңгейін және нақты кәсіби функцияларды орындауға дайындығын сипаттайды.

Оқыту тілі

қазақ / орыс / ағылшын

Кредит көлемі

240

Иемденетін академиялық дәреже

«7М04143 Цифрлық экономика» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

Оқыту нәтижелері

«Цифрлық экономика» білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде магистранттар келесі құзыреттерді жүзеге асыруға қабілетті болады:

1)    қазіргі заманғы терең экономикалық білімді көрсету және жаңа теориялар негізінде жаһандану және экономикалық дамуды цифрландыру жағдайында әлемдік және ұлттық экономикадағы нақты процестерді түсіндіру, салыстыру және қорытуға;

2)    әлемдік экономикада, Қазақстанның әріптес елдерінде сыртқы саудада, бизнес пен қаржылық ортада және аналитикада қолданылатын және пайдаланылатын ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мен жүйелерді дамыту саласындағы теория мен практиканың озық жетістіктерін сыни бағалауға және түсіндіруге, экономиканы дамытуда VR/AR/MR технологияларының рөлін айқындауға;

3)    ұлттық экономикадағы, тұтастай алғанда, және/немесе саладағы/өңірдегі/кәсіпорындағы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа бағдарламалық өнімдерді, веб-сайттар мен қосымшаларды әзірлеу кезінде үлкен деректерді талдау үшін бизнес-аналитиканың заманауи өңдеу әдістері мен құралдарын пайдалануға;

4)    отандық және шетелдік зерттеушілер мен практиктердің нәтижелерін жалпылау, сыни бағалау және дұрыс түсіндіру мен қолдану негізінде ұлттық экономиканың түрлі секторларында ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымдағы трендтерді және ауқымды деректер технологияларын, жасанды интеллектті, VR/AR/MR және басқа да АКТ енгізу мүмкіндіктерін дербес зерттеуге және бағалауға;

5)    үлкен деректер мен ресми статистиканы жинау, талдау және салыстыру негізінде бизнес пен экономикалық саясаттың нақты проблемаларын талдауға және бағалауға, ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында олардың перспективалық даму бағыттарын ұсынуға, ғылыми негізделген тұжырымдар негізінде цифрландыру жағдайында заңсыз қызметтің себептері мен салдарларын негіздеуге;

6)    стратегиялық және жедел жоспарлар мен бюджеттерді, смарт-келісімшарттарды және блокчейнді әзірлеуге; бәсекеге қабілетті артықшылықтарын анықтау үшін сандық ортада және нақты экономикада әртүрлі меншік түріндегі ұйымдардың қаржылық-экономикалық есептілігін кәсіби түсіндіру, талдау және салыстыруға және әлемдік нарықтардың конъюнктурасын болжау негізінде өңірлік және халықаралық бизнесті жүргізудің жаңа нысандарын ұсынуға;

7)    инвестициялық ахуал мен бизнес-ортаны бағалау мен талдаудың қазіргі және жаңа әдістемелеріне кешенді талдауды жүзеге асыруға, бәсекеге қабілеттілік пен бизнесті жүргізудің жаһандық рейтингтерінде елдің ұстанымын арттыру үшін жаңа көрсеткіштер мен оларды жақсарту және қазақстандық экономикалық болмысқа бейімдеу құралдарын ұсынуға, ұлттық экономиканың цифрлық даму үрдістерін ескере отырып, олардың практикалық маңыздылығын негіздеуге;

8)    елдегі бизнес-процестерді сапалы жақсарту жолдарын табуға және ұсынуға, бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдыларына сүйене отырып (Python, Java, Ruby, PHP, Javascript және т.б.), big data, блокчейн, жасанды интеллект, VR/AR/MR сияқты цифрлық технологиялар негізінде оларды жаңаларына айналдыруға;

9)    big data-мен жұмыс жасау, блокчейн енгізу, жасанды интеллект пен VR/AR/MR технологияларын пайдалану сияқты цифрлық технологияларды дамыту негізінде ұлттық экономикадағы ресурстарды, процестер мен тәуекелдерді бөлу және пайдаланудың экономикалық міндеттерінің жаңа шешімдерін модельдеуге;

10)криптовалюта әлемдік нарығының және ICO нарығының, қаржы саласындағы блокчейннің алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларының, блокчейн жүйелеріндегі агенттік қатынастардың, PoS алгоритмдерінің өзекті трендтері мен даму ерекшеліктерін Қазақстандық бизнес үшін аналогтар мен жаңа модельдерді әзірлеу үшін талдауға және осы саладағы ұлттық экономикадағы қазіргі проблемаларды шешу мен жаңа идеяларды ұсынуға;

11)қолданбалы эконометрикалық, микро - және макроэкономикалық модельдеу негізінде елдің экономикалық дамуын түсіндіру үшін ұлттық экономиканың статистикалық деректерін бағалауға және оларды әлемдік деректермен салыстыруға; әзірленген модельдің барабарлығы мен дұрыстығын бағалау негізінде Қазақстан экономикасының, тұтастай алғанда және/немесе елдің жекелеген өңірінің/саласының/кәсіпорнының жай-күйі мен дамуын болжау үшін модельдеу нәтижелерін талдауға және түсіндіруге;

12)кәсіпорынның, саланың/өңірдің немесе тұтастай елдің экономикалық дамуын жақсарту жөніндегі міндеттерді шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандарда жаңа идеялар мен модельдерді енгізу бойынша өз көзқарасын негіздеуге; әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды, мемлекеттің тарихи мұрасын толерантты қабылдай отырып, ұжымды кәсіби және демократиялық жолмен басқаруға; әлеуметтік, кәсіптік этика нормаларын сақтауға міндетті; ұжым қызметінің нәтижелеріне дербес жауапкершілік алуға, кәсіби қызметте және іскерлік келіссөздер жүргізу кезінде табысты және оң коммуникабельділікті, шешендік шеберлікті және заңға бағынушылықты көрсетуге; өзінің экономикалық білімі мен ақпараттық-коммуникативтік қабілеттерін қолданудың тиімді салаларын кәсіби және объективті бағалау және талдау қабілетін көрсетуге.

Талапкерлер үшін

Welcome.kaznu.kz

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/magistracy/speciality/2188  

- Академиялық қызмет 

Білім беру бағдарламасы бойынша академиялық қызмет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық саясатымен реттеледі және ҚР жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар аясында жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы оқу және зерттеу процесінің бірлігін қамтамасыз етуді көздейді, шетелдік жоғары оқу орындары мен «Атамекен» ҰКП кәсіби стандарттарына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, құзыреттілік тәсіл негізінде модульдік қағидат бойынша құрылған.

Магистрлік бағдарламаның басты міндеті магистранттардың өзіндік зерттеу дағдыларын дамыту, аналитикалық ойлауын дамыту болып табылады. Осы мақсатта магистранттардың білімін бағалаудың негізгі формаларының бірі-экономика мәселелері бойынша тәуелсіз теориялық, эмпирикалық немесе қолданбалы талдау болып табылатын өз зерттеулерін ұсыну.

Барлық оқу кезеңінде олар болашақ магистрлерде ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін міндетті базалық және бейінді пәндер кешенін зерделейді, сонымен қатар білім беру бағдарламасы бойынша элективті пәндердің кең таңдауы терең функционалдық және жүйелік құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.

 

- Ғылыми қызмет

Магистранттардың жыл сайын өтетін Халықаралық Фараби оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «әл-Фараби әлемі» атты халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндіктері бар.

Магистранттар міндетті түрде Экономика кафедрасының ғылыми жобаларын жүзеге асыруға қатысады, бұл олардың диссертациялық жұмыстарының тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда кафедраның ПОҚ келесі ғылыми жобаларды жүзеге асыруда:

1) «Креативті индустриялар: Қазақстан Республикасындағы сыныптау мен сандық өлшемдердің әдіснамалық аспектілері" ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2020-2023). Ғылыми жетекшісі: PhD, асс. профессор Жупарова А. С.

2) «Орталық банктің тәуелсіздігі және инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу» ҚР Ұлттық Банкін гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2021-2022). Ғылыми жетекшісі: э. ғ. д., профессор Мұхамедиев Б. М.

3) "Қазақстандағы жеке капитал нарығы, оның даму перспективалары" ҚР Ұлттық Банкінің гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жоба (2021-2022). Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Рахматуллаева Д. Ж.

Студент экономиканың іргелі және қолданбалы мәселелері саласында өзінің зерттеу бағыттарын ұсынуға мүмкіндігі бар.

 

- Халықаралық қызмет

Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өте алады және екі дипломды бағдарлама бойынша алдын ала келісім жасасу және тараптардың мақұлдауы бойынша оқу мүмкіндігіне ие. Экономика кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен келесідей жоғары оқу орындары арасында жасаған ғылыми ынтымақтастық және қос дипломды білім беру туралы келісім-шарттар құрған:

  • РУДН (Ресей),
  • University of Padua (Италия), 
  • University of Finance and Administration (Чехия), 
  • Bialystok University of Technology (Польша).
  • Новосибирск Университеті, Ресей,
  • Орал федералдық университеті, Ресей,
  • Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті, Ресей
  • La Sapienza University, Италия
  • Варшавадағы басқару және экология университеті, Польша

 

- Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Экономика кафедрасының тұрақты және ұзақ серіктестік байланыстары бар келесі ұйымдар практика базалары бола алады: «Ғылым Ордасы» ҒЗИ, «САНЖ» ғылыми - зерттеу орталығы, ҚазҰУ технопаркі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ жол қатынастары университеті, Экологиялық қауіпсіздік және табиғи ресурстар орталығы, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры.

Кафедраның келесі мекемелермен іскерлік байланыстары дамиды деп болжануда:

  • «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ;
  • «Kaznex» экспортты дамыту және ілгерілету корпорациясы» АҚ;
  • «Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ;
  • «Ұлттық инновациялық қор» АҚ;
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ;
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және т.б.

Бүгінгі таңда Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Меморандум осы мекеме базасында да тағылымдамадан және кәсіби практикадан өтуге және болашақ магистерлерді жұмысқа орналастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

                 «Цифрлық экономика» жаңа мамандандыруларға жатады, елдегі және әлемдегі цифрлық экономиканы жедел трансформациялау аясында өзекті болып табылады. Алдағы бес жылда әлемдік экономика мен жаһандық еңбек нарығының дамуы туралы болжамдарға сәйкес түлектер жергілікті және әлемдік еңбек нарығында сұранысқа ие болады. Білім бағдарламасын аяқтау туралы дипломдар еңбек нарығында тар бейінді мамандықтарды бітіргендерге қарағанда артықшылық береді. Бұдан басқа, магистрлер «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқуын жалғастыра алады.