«5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша «МЫҚТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ: МАРКЕТОЛОГТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ!» атты XII Республикалық студенттік пәндік Олимпиада нәтижелері

27.03.2020

Көрулер: 2022

 

2020 жылдың 27 наурызында ЭжБЖМ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының базасында «5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік Олимпиада өткізілді.

 

Берілген мамандық бойынша олимпиаданың конкурстық комиссиясының құрамы келесідей болды:

«5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша комиссия төрағасы: «UP Consulting» ЖШС компаниясының бас директоры – А. Серікбекұлы.

 

Комиссия мүшелері:

э.ғ.д., профессор – Зиядин С.Т.;

э.ғ.к., доцент – Ахметова З.Б.;

э.ғ.к., доцент – Кожамкулова Ж.Т.;

«НПЦ ID-GROUP» ЖШС бас директоры – Шакирова Г.А.;

Комиссия хатшысы – Тулебаева Н.Т., оқытушы.

 

Олимпиада Zoom қосымшасы арқылы онлайн тәртібінде өтті. Олимпиаданың финалдық турында жеребе бойынша әр команда шығып, кейс-стади бойынша өз шешімінің презентациясын ұсынды. Олимпиадаға Қазақстанның 4 аймағынан 6 ЖОО-дан 21 қатысушы қатысты. Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстанның әр түрлі ЖОО-нан барлығы 7 өтінім келіп түсті, олимпиаданың ІІ кезеңіне 7 команда қатысты.

 

Осылайша, «5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының нәтижелері келесідей болды:

ҚР БҒМ I дәрежелі дипломы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «GreenMark» командасы, Алматы қ.;

ҚР БҒМ II дәрежелі дипломы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жусан» командасы, Шымкент қ.;

ҚР БҒМ II дәрежелі дипломы – Тұран университетінің «Titans of Turan» командасы, Алматы қ.;

ҚР БҒМ III дәрежелі дипломы – Нархоз университетінің «Totally Spies» командасы, Алматы қ.;

ҚР БҒМ III дәрежелі дипломы – академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Charlie's Angels» командасы, Қарағанды қ.;

ҚР БҒМ III дәрежелі дипломы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінің «Бірегей сауда ұсынысы» командасы, Нұр-сұлтан қ.

 

Олимпиаданың барлық қатысушыларына олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттар тапсырылды.

 

Олимпиаданың бас демеушісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті болғанын атап айту керек. Сонымен қатар, «UP Consulting» ЖШС, «Ezapp Logistics Technologies» компаниялары да студенттік пәндік олимпиаданың демеушілері болды.