Халықаралық жоба Erasmus+ ENINEDU

 

 

Жоба тақырыбы: «Жаңа әлеуметтік орта талаптарына сай жоғары білім беру жүйесі мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту»

 

Мерзімі: 2017-2020

 

Консорциум координаторы: Джомартова Шолпан Абдразаковна

Институционалдық координатор: Жидебекқызы Ақнұр

 

Қатысушы тараптар:

 

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Қазақстан)
  • Сантьяго де Компостела Университеті (Испания)
  • Ницца - София Антиполис Университеті (Франция)
  • Шопрон Университеті (Венгрия)
  • Афина экономика және бизнес университеті (Грекия)
  • Ресей халықтар достығы университеті (Ресей)
  • Самара мемлекеттік экономикалық университеті (Ресей)
  • И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университеті (Ресей)
  • Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті (Қазақстан)

 

 

 

 

 

Жобаның мақсаты – заманауи әдістердің практикалық маңыздылығын, олардың оқу бағдарламалары мен жоспарларындағы орнын және оқу нәтижелерін өлшеу, әр әріптес ел үшін қолайлы бизнес-университет ынтымақтастығында жүйелік стандарттарды дайындау және ЕО елдеріндегі университеттер мен бизнес арасындағы ынтымақтастық туралы ұлттық заңнаманы сараптамалық зерттеу болып табылады.

Жобаның жалпы мақсаты – білім беру парадигмасын Болон процесінің талаптарына сәйкес өзгерту арқылы консорциум елдеріндегі бизнес пен жоғары білімнің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту. Осындай ынтымақтастықты жақсарту ұлттық даму стратегиясының тиімділігін, сондай-ақ, кәсіпкерлік саласындағы түлектермен жағдайдың өзгеруіне біртіндеп әкеледі.

Бизнес орта мен университеттердің ынтымақтастық тәжірибесін зерделеу үшін Франция, Греция, Испания және Венгрия университеттерінде тренингтер өтті. Осы семинарлар-тренингтерге қазақстандық және ресейлік университеттердің 58 оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Құқықтық базаны, табысты жобалардың және стартаптардың тарихын және университеттердің іскерлік ортамен өзара әрекеттесуін зерттелді. Интенсивті лекциялар мен университет басшыларының тікелей байланысы арқасында білім мен бизнесті байланыстыратын құрылым мен әдістер туралы нақты түсінік қалыптасты. Мысалы, Ницца София-Антиполис университетінде (Франция) бизнес-ортамен өзара әрекеттесудің 18 әдістері бар, олар мемлекет тарапынан міндетті қолдау табады. Сондай-ақ, оқу кезеңінде студенттер тәжірибе жинақтау мақсатында теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану мүмкіндігі бар ауыспалы білім беру әдісін атап өту керек.

 Бүгінгі таңда Консорциумдағы әріптес елдердің барлық университеттері кәсіптік білім берудің жаңа экожүйесін қалыптастыру, студенттердің инновацияларын жетілдіру және тиімді жұмыс істеу арқылы олардың барынша жұмыспен қамтамасыз етілу үшін студенттерге, университеттердің профессор-оқытушылар құрамына және бизнес құрылымдарына қолдау көрсетуді көздейтін Кәсіпкерлік пен инновация орталықтарын құрды. Олар жоғары оқу орындары мен корпоративтік сектор арасындағы ынтымақтастық тетіктері болып табылады. Бұл орталықтарды ұйымдастыру үшін әрбір жоғары оқу орнына 44 000 евро бөлінген.

Жобаның маңызды аспектілерінің бірі — барлық қатысушы елдерді біріктіретін және жоғары білім мен бизнес орталарының арасындағы көпір болып табылатын порталды құру. Портал еңбек нарығын талдау, түлектерді жұмысқа орналастыру, магистранттардың тәлімгерлік институтын дамыту, Кәсіпкерлік және инновация орталығымен бірге студенттердің іскерлік жобаларын насихаттау бойынша қызметтердің кең ауқымын қамтиды. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің сұраныстары мен талаптары бойынша жаңартылған білім беру бағдарламаларының қайта жобаланғанын атап өту қажет. Атап айтқанда, онда болашақ жұмысшылардың, яғни, түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын талап ететін дағдылары мен қабілетін ескерілген. Қазіргі кезде Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Электрондық коммерция» және «Қаржылық менеджмент және Big data» аталатын екі білім беру бағдарламасы бар. 

Erasmus+ ENINEDU жобасынің тәжірибесі бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында стейкхолдерлермен жұмыс істеу моделі:

презентация Жидебеккызы А. ENINEDU модель.pdf

 

Жобаның түпкілікті нәтижесі ретінде республикалық деңгейде «Университеттер мен бизнес орта ынтымақтастығының жүйелік стандартын», студенттік кәсіпкерлікті дамыту үдерісін ұйымдастыру үшін еуропалық тәжірибеге негізделген жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлік сектордың өзара іс-қимыл саясатын, кадрларды дайындауда білім беру мекемелерімен ынтымақтастықта жұмыс істейтін кәсіпорындарға бітірушілермен жүйелі жұмыс істеу туралы салықтық ынталандырудың заңнамалық негіздемесі мен ұсыныстарын айтуға болады.

 

Жоба туралы қосымша ақпаратты ресми сайт пен әлеуметтік желідегі парақшалардан алуға болады:

http://eninedu-erasmusplus.kaznu.kz/

Instagram: @erasmusplus_eninedu

Facebook: ENINEDU Erasmus+