Жаңалықтар

Ұлы ғалым Абу Наср ибн Мухаммед әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Индустрия 4.0 жағдайындағы менеджмент» тақырыбында «Менеджмент» мамандығы бойынша өткізілген XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада НӘТИЖЕЛЕРІ

27.03.2020

2020 жылдың 27-ші наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Менеджмент" кафедрасы, ұлы ғалым Абу Наср ибн Мухаммед әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Индустрия 4.0 жағдайындағы менеджмент» тақырыбында «Менеджмент» мамандығы бойынша XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын онлайн форматта (Zoom платформасында) өткізді.

Ары қарай оқу >>

Асылбек Қожахметовпен кездесу

11.03.2020

2020 жылдың 5 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде Almaty Management University (AlmaU) президенті, негізін қалаушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі және меценаты, іскерлік әкімшілік докторы, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті – Асылбек Қожахметов мырзамен кездесу өтті. Ол ЭжБЖМ-нің ПОҚ мен білім алушыларына арналған «Заманауи бизнес-білім: перспективалары, кедергілері, даму тенденциялары» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Экономика және эконометрика» мамандығы алғаш рет «QS WUR by Subject 2020» пәндік рейтингіcіне енді

10.03.2020

«QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша әл-Фараби ат. ҚазҰУ өз көрсеткіштерін жақсартып, позициясын күшейтті. Аталмыш рейтингке басқа мамандықтармен қатар «Экономика және эконометрика» (451-500) мамандығы алғаш рет енді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның нәтижелері: қатысушылардың марапатталуы

03.03.2020

2020 жылдың 3 наурызында әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры А.К. Хикметов атынан әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға белсенді қатысқаны үшін «Менеджмент» кафедрасының оқытушылары сертификаттармен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Экономика» кафедрасының студенттері «Аманат» балалар үйіне барды

02.03.2020

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында "Экономика" кафедрасының аға эдвайзерлері И.У.Кулиев пен Д.Р.Тураров студенттермен Алматы қаласы Ақжар кентіндегі «Аманат»  балалар үйінде қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ түлегі, ҰКП «Атамекен» өкілі Ерниязов Қуанышбекпен кездесу

21.02.2020

2020 жылдың 21 ақпанында ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде Erasmus+ ENINEDU жобасы аясында Ерниязов Қуанышбекпен кездесу өтті. Ол «Жылдың үздік кәсіпкері» жастар сыйлығының иегері, Алматы қаласы бойынша «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-тренері. 

Ары қарай оқу >>

«Абай – дана, Абай - дара қазақта»

20.02.2020

"Экономика" кафедрасының оқытушылары мен студенттері «100 жаңа кітап» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

Үндістанда әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар бастау алды

19.02.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясының Үндістан Республикасына сапары аясында ЭжБЖМ деканы, э.ғ.д., профессор Сағиева Римма Қалымбекқызы Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің және Джавахарлал Неру атындағы университетінің қолдауымен Нью-Дели қаласында ҚазҰУ ұйымдастырған Әбу Наср әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан-Катар үкіметаралық комиссиясы

18.02.2020

2020 жылдың 13-14 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында жоғары деңгейде Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының бесінші отырысы өтті. ЭжБЖМ-нің ҒИЖ және ХБ бойынша деканның орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр үкіметаралық комиссияның сараптамалық тобының отырысына қатысты.

Ары қарай оқу >>

Афины Кәсіпкерлік Орталығының онлайн режиміндегі университеттегі кәсіпкерлікті қолдау курстары

14.02.2020

Erasmus + ENINEDU жобасы бойынша серіктес - Афины Экономика және бизнес университеті Кәсіпкерлік және инновациялар орталығында университетте кәсіпкерлікті қолдау бойынша онлайн курстар өткізді.

Ары қарай оқу >>