Ғылыми-зерттеу жұмыстары

ҒЗЖ жалпы сипаттамасы


ЭБЖМ құрылымында 4 кафедра және экономикалық зерттеулер Орталығы жұмыс істейді. Кафедралар: «Қаржы», «Экономика», «Менеджмент және маретинг», «Есеп және аудит». 

 

ЭБЖМ ғылыми қызметінің негізгі бағыттары


1. «Экономика» кафедрасының ғылыми қызметінің негізгі бағыттары келесідей: өңірлік ерекшеліктерді сипаттайтын факторларды кешенді талдау, бірлеске кәсіпорындар бизнес-үдерістерінің ерекшеліктерін зерттеу және басқарудың тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық әдістер жүйесін құрастыру, сонымен қатар ұйымның тұрақты даму механизмін қалыптастыру үшін экономика-математикалық модель құрастыру.

 

2. «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ҒЗЖ: Қазақстан экономикасын басқарудың теория мен практикасының әр түрлі бағыттарын зерттеу, орын алатын мәселелерді анықтау мен оның шешу жолдарын іздестіру. Әр бағыт бойынша зерттеулердің жетекшілері – кафедраның профессорлары мен доценттері. Кафедраның негізгі күш салатын мәселесі Қазақстан Республикасы экономикасын реформалау мәселесінің негізгі аспектілері – инновациялық экономиканы қалыптастыру жағдайында өңірлерді басқару, жаһандану жағдайында отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнім сапасын басқару жүйесін қалыптастыру, кәсіпкерлікті дамыту, маркетингтік қызмет және маргетингтік зерттеулер, ҚР және белгілі сала мен фирмалардың логистикасы мәселелерін зерттеу.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ғылыми қызметінің негізгі бағыттары келесідей:

- іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

- ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу мен ұйымдастыру, менеджмент, маркетинг және әр түрлі деңгейдегі білім беруге қатысты өзекті мәселелерге байланысты дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

- ҚР даму стратегиялары мен тұжырымдамалары, нормативтік құжаттарды құрастыруға қатысу;

- монография, оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару, шетелдік және республикалық баспаларда, импакт-факторы жоғары баспаларда ғылыми мақалалар жариялау;

- Шет елдердің және ҚР басқа ғылыми мекемелерімен кафедраның сыртқы байланыстарын жүзеге асыру;

- СҒЗЖ басқару, Менеджмент, МжЖБ және Маркетинг мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы дайындау және өткізу, республикалық сайыстар мен конференцияларға қатысу үшін студенттік ғылыми жұмыстарды дайындау және т.б.

 

3. «Қаржы» кафедрасының ғылыми қызметінің негізгі бағыттары келесідей: ұлттық шаруашылық салаларының қаржы және экономикалық механизмдерді қалыптастыру, Қазақстанда қаржылық капиталдың қалыптасу мәселелерін, тұрақты экономикалық өсу, жобаларды басқару, инвестиция және инновациялық қызмет мәселелерін зерттеу.

 

4. «Есеп және аудит» кафедрасының ғылыми қызметінің негізгі бағыттары келесідей: қаржылық, басқару және салық есебін дамыту, Қазақстан Республикасы мекемелерінің шаруашылық қызметін талдау, аудит және есебін ұйымдастыруды және методологиясын жетілдіру. Бұл бағытта келесідей ғылыми мәселелер шешіледі:

- дағдарыс жағдайындағы ҚР қаржылық, басқару және салық есебін дамыту;

- экономикалық субъектілердің ішкі тексеру жүйесінің элементтері, тәртібі мен методикаларын құрастыру;

- мекемелердің қаржылық тұрақтылығына мониторинг жасау және бағалау механизмдері мен методологиясын жетілдіру;

- әр түрлі салалардағы басқарушылық талдау методикаларын қалыптастыру мен жетілдіру.

 

5. Экономикалық зерттеулер Орталығының ғылыми қызметінің негізгі бағыттары келесідей:  

-       инновациялық үрдістерді дамыту: басқару ерекшеліктері мен заңдылықтары, нәтижелілік;

-       ұлттық қор нарығы қызметінің мәселелері;

-       ұлттық экономиканың институционалдық жүйесін жетілдіру;

-       Қазақстанда жасыл экономиканы дамытудың перспективалары

-       монополия мәселелері мен бәсекені дамыту;

-       оқытудың инновациялық түрлерін енгізу.