«Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі «Пандемия жағдайындағы азаматтық бастама» атты видеоконференцияға қатысты

07.05.2020

Көрулер: 1561

 

2020 жылдың 7 мамырында Мәскеу уақыты бойынша сағат 12:00-де Шекаралас ынтымақтастық және интеграция институты (РФ) ұйымдастырған «Пандемия жағдайындағы азаматтық бастама» атты видеоконференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Тургинбаева А.Н. қатысты.

 

Пікірталас барысында келесідей сұрақтар талқыланды:

 

1. Интеграциялық және ынтымақтастыққа бағытталған ЕАЭО кеңістігінде азаматтық бастамаларды қолдау.

 

2. Әлеуметтік маңызы бар жобалар мен азаматтық бастамаларды дайындау және жүзеге асыру.

 

3. Пандемия жағдайындағы қоғамдық дипломатия жобаларының рөлі.

 

4. Пандемия жағдайындағы сенім.