Жаңалықтар

Экономика мен білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар

27.11.2020

26-27 қараша 2020 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ЭБЖМ "Бизнес технологиялар" кафедрасы Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., Ресей), Қазақстан-Неміс университетімен (Алматы қ., Қазақстан), И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетімен (Орел қ., Ресей) бірлесе отырып онлайн - форматта «Өңірдің экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, кадрлар даярлау» Халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «Экономика мен білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.

Ары қарай оқу >>

Қаржыгерлер үшін университеттен кейінгі жұмыс мүмкіндіктері

20.11.2020

20 қараша күні сағат 11:00-де Қаржы мамандығының 4 курс студенттерімен Қаржыгерлер күніне орай «Делойт» ТСФ компаниясының өкілі Ш.М. Сейдалиевпен "Қаржыгерлер үшін университеттен кейінгі жұмыс мүмкіндіктері" атты қонақтық дәріс өткізілді. Дәріс барысында «Делойт» ТСФ компаниясы тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы көптеген пайдалы мәліметтер айтылды.  Сонымен қатар жалпы болашақ қаржыгерлер үшін жұмыс мүмкіндіктері жайында студенттермен сұрақ-жауап түрінде сұхбат жүргізілді.

Ары қарай оқу >>

«Теңге – Тәуелсіздіктің символы» атты ашық кураторлық сағаты

16.11.2020

Бүгін 16 қараша күні сағат 18:00-де Қаржы мамандығының 2 курс студенттері Ф19К1 тобының (Куратор: Жорабаева Ж.К.) ұйымдастыруымен Қаржыгерлер күніне орай "Теңге – Тәуелсіздік символы" атты ашық кураторлық сағат өткізілді. Аталған іс-шараға қонақ ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары, 4 курс студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Пандемиядан (COVID-19) туындаған шарттарда ұйымдар мен елдердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы

14.11.2020

Экономика және бизнес жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы 2020 жылғы 14 қарашасында "Пандемиядан (COVID-19) туындаған шарттарда ұйымдар мен елдердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді. Аталған іс-шараны ұйымдастыру Ұлттық валюта Теңге күнін мерекелеуге орайластырылды және еліміздің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ халықаралық деңгейде академиялық құрылымдар мен бизнес-қоғамдастық арасында тиімді пікір және озық идеялармен алмасу мақсаттары бар.

Ары қарай оқу >>

«Интернет-жарнама. Жоспарлау және орналастыру. Бейнежарнама» тақырыбында студенттерге арналған тренинг

11.11.2020

«Жаңа мамандықтар атласы» және қазіргі әлем сын-қатерлері университеттің болашақ түлектері ие болуы тиіс жаңа құзыреттіліктерді айқындайды. Осының аясында, 11.11.2020 ж. Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Бизнес технологиялар» кафедрасы,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Орта-Азиялық жарнама ассоциациясы" ЗТҰ-мен бірігіп "Маркетинг", "Логистика" мамандықтарына «Интернет-жарнама. Жоспарлау және орналастыру. Бейнежарнама» тақырыбында студенттерге арналған тренинг өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Аймақтың экономикалық дамуы: менеджмент, инновация, кадрларды даярлау» халықаралық экономикалық форумы

03.11.2020

2020 жылдың 26-27 қарашасында «Аймақтың экономикалық дамуы: менеджмент, инновация, кадрларды даярлау» экономикалық форумы аясында «Экономика және білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» тақырыбында онлайн-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ЭБЖМ деканының 1-курс магистранттарымен кездесуі

29.10.2020

2020 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде 1 курс магистранттарымен кездесу өтті. ЭжБЖМ деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Сагиева Римма Калымбековна факультет өмірі туралы презентация жасап, оқуда табыс тіледі. Ғылыми-зерттеу қызметі және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр магистранттарға Scopus/WoS деректер қорында жарияланымға қатысты сұрақтарды түсіндіріп, негізгі ережелермен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО АЛҒАШ РЕТ THE WUR BY SUBJECT РЕЙТИНГІНЕ КІРДІ

28.10.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Times Higher Education World University Rankings by Subject 2021» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша ғылыми көрсеткіштерін жақсартып, бірқатар мамандықтар бойынша позициясын күшейтті. THE WUR by Subject-те 11 пән бойынша әлемнің 1500-ден астам үздік университеттері зерделенді. Жаһандық рейтинг әдіснамасы көрсеткіштердің бес тобына біріктірілген және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің түйінді салаларын көрсететін 13 басты индикатор негізінде жасалады. Рейтингті құруға арналған мағлұматтар үш дереккөзден жиналады, олар: статистикалық ақпарат, Scopus библиометрикалық базасы және академиялық сарапшылардан сұрау.

Ары қарай оқу >>

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

21.10.2020

Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастықты нығайту және студенттерді даярлау сапасын арттыру мақсатында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және студенттермен академиялық алмасу туралы келісім негізінде «маркетинг» мамандығы бойынша 4-курс студенттерін ҚазҰУ-ға оқуға жіберді.

Ары қарай оқу >>

ЭжБЖМ-нің Биржалық технологиялар орталығындағы тәжірибелік биржалық сауда курстары

23.09.2020

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Біз сіздерді Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің биржалық технологиялар орталығындағы тәжірибелік биржалық сауда курстарына қатысуға шақырамыз. Курстар барысында сіз нақты биржаларда сауда жасауды, содан кейін активтеріңізді тиімді басқаруды үйренесіздер. Курстарды қор және биржа нарықтарында көп жылдық табысты тәжірибесі бар тәжірибелі трейдерлер, инвесторлар оқитын болады.

Ары қарай оқу >>